Азақ тілінде буын үндестігіне бағынбай жасалатын күрделі сөздер де бар. Мысалы, қос сөздер: салт-дәстүр, некен-саяқ, азық-түлік, қыз-келіншек, көрші-қолаң, аумалы-төкпелі, аға-іні, т.б.;
біріккен сөздер: Есекқырған, Екібастұз, түйетабан, Алтынемел, көкқұтан, итмұрын, егеуқұйрық, ақсүйек, Аягөз, т.б.;
тіркес сөздер: келе жатыр, көк ала, жақын жер, самал жел, жетпіс тоғыз, алтыншы үй, талдырмаш денелі, т.б.
1.Еліктеу сөз- әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеуден және олардың бейнесін елестетуден туындаған сөз. Еліктеу сөз тұлғасына қарай: негізгі еліктеу сөз және туынды еліктеу сөз деп бөлінеді. 2. Дефис арқылы жазылатын үстеу: қосарлану арқылы жасалады. Мысалы: жоғары-төмен, әрең-әрең. Ал тіркесу арқылы жазылатын үстеулер: күні бүгін, ала жаздай, таңсәріде