Үш жұрт
Жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты, қайың жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны: өз жұртың – күншіл, қайың жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл деп те мәтелдейді. Яғни, ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді. Қайың жұртың – қолыңның ұзындығына қарайды, берсең жағасың, бермесең дауға қаласың. Нағашы жұртың жақсылығына сүйсінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор болады.
Үш қуат
1. Ақыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат.
Үш ғайып
1. Ажал ғайып. 2. Қонақ ғайып. 3. Несібе ғайып.
Үш арсыз
1. Ұйқы арсыз. 2. Тамақ арсыз. 3. Күлкі арсыз.
Үш даусыз
1.Мінез.2. Кәрілік. 3. Ажал.
Үш кәдірсіз
1. Жігіттік. 2. Денсаулық. 3. Жақсы жар (әйел).
Үш жамандық
1. Нақақ қан төгу. 2. Кісі малын нақақ алу. 3. Ата‑бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш жақын
1. Жан тәтті. 2. Мал тәтті. 3. Жар тәтті.
Үш көз
1.Су анасы – бұлақ. 2.Жол анасы – тұяқ. 3.Сөз анасы – құлақ.
Үш тоқтам
1.Ақыл – арқан. 2.Ой ‑ өріс. 3.Адам – қазық.
Төрт кітап
1.Тәурат – Мұсаның кітабы. 2.Зәбүр – Дәуіттің кітабы. 3.Інжіл – Исаның кітабы. 4.Құран – Мұхамбеттің кітабы.
Төрт қылыш
1.Хәмхан. 2.Сәмсан. 3.Зұлқожа. 4.Зұлпыхар.
Дүниенің төрт бұрышы
1.Шығыс. 2.Батыс. 3.Оңтүстік. 4.Солтүстік.
Жеті жұт
1.Құрғақшылық. 2.Жұт (мал қырылу). 3.Өрт. 4.Оба (ауру). 5.Соғыс. 6.Топан су. 7.Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ
1. Жерде өлшеуіш жоқ. 2.Аспанда тіреуіш жоқ. 3.Таста тамыр жоқ. 4.Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллада бауыр жоқ. 6.Аққуда сүт жоқ. 7.Жылқыда өт жоқ.