Қазақтар-ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпақтары.Территориясы Алтайдан Каспийге дейінгі үлкен аумақты алып жатыр. Ежелгі көшпенділердің мұрасын сақтаған, қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен жора-жоралғыларға бай келеді. Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан баспана түрі - киіз үй. Киіз үй-көшуге қолайлы, жиналып-құрастырмалы, жазда-салқын, қыста-жылы баспана. Бұл ағаштан, әртүрлі үй жануарларының терілерінен жасалады. Киіз үй қанатына байланысты, алтықанатты, он екі қанатты және т.б. атаулармен аталады. Бұрынғы кездері ақсүйектер, байлар, билер мен хан, патшалар өздерінің ордаларында яғни, үлкен киіз үйлерде өмір сүрген. Бұл қазақ халқының бай болғанының нышаны. Қазақ халқының ең қадірлі ұғымдарының бірі- шаңырақ. Шаңырақ сөзін әртүрлі мағынада қолданады. Мысалы: «Әке-шаңырақтың негізгі тірегі», бұл тіркесте шаңырақ сөзі «отбасы» ұғымын білдіріп тұр. Сонымен қатар, шаңырақ- киіз үйдің тірегі, төбесі. Қазақ халқында шаңырақ-киелі ұғым ретінде қалыптасқан және ол туралы әртүрлі мақал-мәтел, тыйым сөздер көп кездеседі. Қазіргі күнге дейін қазақтардың басынан қандай күн өтпеді... Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман да, қиыншылық, аштықта да, репрессия кезінде де, қайғылы соғыс жылдарында да өмір сүрді, мойымады, талмады. Бұл қазақтардың төзімділігінің белгісі. Қонақжайлылық- қазақтардың ерекшеленетін қасиеттерінің бірі. Ежелден келе жатқан қалыптасқан қонақжайлылық қанымызға сіңіп кеткен. «Тас түскен жеріне ауыр, қонақ қонған жеріне ауыр» демекші, қазақтар өздеріне қарағанда, қонақтардың жағдайын көбірек ойлаған. Үй иесі үйіндегі қонақтың кеткенінше, барлық қажеттілігін әкеліп, денсаулығына жауап беретін болған. Бұл қазақтардың қонақжайлылығының айқын бейнесі. Қазақ еліне,тарихына қызығатын әрбір адам алдымен, қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы білуі шарт. Қазақтарда салт - дәстүрдің түрлері өте көп. Ол әртүрлі жағдайларға байланысты, тақырыптарға сай әрбір қазақ жадында сақталып қалған. Мысалы: «Қыз ұзату», «Жар-жар», «Шілдехана», «Тұсаукесер», «Сүндет той». Бұл салт - жоралғылардың өзіндік ерекшелігі мен мән - мағынасы бар. Ежелден келе жатқан бұл дәстүр қазірге дейін сақталып келеді. Қазақ халқында өзін - өзі ұстай білу ережелері де аз емес. Бұл қатарға «тыйым сөздерді» айтуға болады . Тыйым сөздер – деп жасауға болмайтын іс -әрекеттерді айтады . Оларға: "Дастарқан үстінде қатты сөйлеме"; "Қажетсіз сөзді айтпа"; "Нанды баспа"; "Аққуды атпа"; "Үлкен кісіге қарсы сөз айтпа", - деген секілді түрде кездеседі. Қазақ қауымында, тыйым сөздер мен қатар әртүрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі. Бұл қазақ халқының ертеден дана халық екендігін мойындаттырады. Қазақ қауымында «жеті» саны қадірлі болып саналады. Осыған орай, жеті санына байланысты көптеген салттар мен жоралғылар бар. Олардың қатарына: «Жеті жарғы», «Жеті қазына», «Жеті жоқ», «Жеті ата», «Жеті нан» немесе «Жеті шелпек», «Жеті керемет», «Жеті күн», «Жеті ғашық», секілді түрлері көп. Бұл «жеті» санының қасиеттілігін айқындай түседі деп ойлаймын. Қазақ халқында, бұрыннан жалғасқан салт бар. Бұл «жеті» санына тіркес болып келеді. Бұл туыстық қатынасқа тікелей байланысты.Бұл «Жеті ата» дәстүрі. Яғни, «Жеті ата» дәстүрі бойынша, әрбір ер азамат өзінің ата-тегін білуі қажет. Ол ата, әке, бала , немере , шөбере, шөпшек, немене қатары бойынша жалғасуы шарт. Сонымен қоса, туысқан жігіт пен қыз ешқашан отау құрмаған. Бұл қазақ халқының қанының тазалығын білдіреді. Тікелей айтқанда, егер екі жастың жеті аталарында ортақ кісі кездеспейтін болса, жастардың үйленуіне рұқсат етілген. Сонымен қатар, қазақтар үш жүзге бөлінеді. Олар: «Ұлы Жүз», «Орта Жүз», «Кіші Жүз» деп аталады. Ал әрбір жүз бірнеше тарауларға бөлініп, руларға ұласады. Бұл да қанның тазалығына әсер етеді. Қортындылай келе, қазақтың асыл мұрасы жетерлік. Олардың күнделікті өмір сүру ережесіне де байланысты екенін ұмытпаған жөн. Қазақ елі-асыл да, ғажап мәдениетке бай, дана халық.
Әшекей - киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасалынатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салынатын ою-өрнек, түрлі нақыштар [1].
Мұндай әшекей -нақыштар жүн бұйымдарының (текемет, сырмақ, алаша, қоржын т.б.), киіз үйдің бау-басқұрларының, ат жабдықтарының (былғары тоқым, кежім, жабу), құрылыс-сәулет орындарының (есік, маңдайша, ұстын, жақтау, дуал және т.б.), киім-кешектердің, ыдыс-аяқтар мен жиһаздардың, қару-жарақтардың т.б. өн бойында қолданылады. Қазақта әшекейленбеген зат, бұйым жоқ деуге болады, себебі қазақ қолөнер шеберлері ұлттық нақыштағы әшекейлерді өңдеп, түрлендіріп, жетілдіріп қолданып отырған. Кәсіби деңгейдегі шеберлер қазақ даласының әр өңірінде болған [2].
Шеберлердің талғампаздығы мен дарындылығы, тудырған дүниесінің жасампаздығы мен жаңалығы жасаған өнімдерінің сұранысынан көрінетін. Қазақ шеберлері технологиялық тәсілдерінің жеңілдігі мен құралдарының қарапайымдылығына қарамастан, зергерлік әшекей бұйымдарының үздік үлгілеріне жататын өнер туындыларын жасаған[3].
Әшекей тағылатын түрлеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді[4].
Басқа тағатын әшекей түрлері: шеке, самай, маңдай, құлақ, мұрын, бұрымға тағылатын әшекейлік заттар.
Шекеге тағылатын әшекей түрлері: шекелік.
Самайға тағылатын түрлері: сырғалық, айшық, жақ моншақ, сырға.
Маңдайға тағылатын әшекей түрлері: күміс теңгелер, шырмауық.
Құлаққа тағылатын әшекей түрлері: сырға, бет моншақ.
Мұрынға тағылатын әшекей түрлері: зере, зерен, зейір, зер.
Бұрымға тағылатын әшекей түрлері: шашбау, шашқап, шолпы, шашқа тағатын түйреуіштер, шашмоншақ.
Мойынға тағылатын әшекей түрлері: алқа, бойтұмар, моншақ, тұмарша, әйкел, ділда алқа, тұмар.
Кеудеге тағылатын әшекей түрлері: өңіржиек, түйреуіш.
Қолға тағылатын әшекей түрлері: білезік, мөр, сақина, балдақ, жүзік.
Киімге тағылатын әшекей түрлері: түймелер, қапсырмалар, жапсырмалар, белдік, белбеу, тана, танакөз, тал моншақ.
Ертеде қазақтар әшекейленген шытыра, зерен, сырға, зер, тұмар және т.б. зергерлік бұйымдарды мал бойына және ер-тұрмандарына да таққан. Тас дәуірінен жалғасқан тасшылық өнері қола дәуірінің осы өркениетіне тоғысып, гауһар, жақұт, алмас, қас тасы, меруерт сияқты аса бағалы тастардан көз орнатқан сәндік жабдықтарды, әсемдік бұйымдарды жасау технологиясын қалыптастырды. Мәселен, қазақтар ағашқа, ер-тұрманға асыл тасты не тассыз күміс әшекейлі шытыраны пайдаланған. Ал зейірді қойдың мұрнына өткізілетін зерлі шығыршық ретінде таққан. Ертеде қазақтар тіл-көзден сақтасын деген мақсатта жүйрік аттарының мойнына әйкел таққан. Зергерлер әшекейлеген тұрмыстық бұйымдар алтын аяқ, жағдан, адалбақан, алтын ер, пышақ және т.б. адамдар күнделікті тұрмыста жиі қолданған. Әшекей түрлері негізінен қоғам мүшелерінің әлеуметтік мәртебесін айқындайтын қызмет атқарады. Қазақ шеберлері зергерлік бұйымдар жасауға қажетті материалдарға алтын, күміс, бақыр, мыс, жез, темір, қалайы, қорғасын, ақық, березе, алмас, гауһар, зуһра, көк тас, лағыл, маржан, меруерт, інжу сияқты асыл тастарды пайдаланған. Қазақ зергерлері алтынмен аптау, алтынмен булау, алтын шабу, күміспен күптеу, қақтау, көз орнату, сымға тарту, қара ала жүргізу, сымкөп жүргізу, ою салу сияқты әшекейлеу, өңдеу тәсілдерін жиі қолданған. Әшекейді ерекшелеп, айшықтап ондағы әртүрлі зат тарды әдемі, сәнді көрсететін үкі, шоқ, әдіп, алтын-күміс ілгектер, шытыралар, салпыншақтар, қоңыраушалар сияқты құрамдас бөліктер де бар[5].
Осы жылы менің бос уақытым көп. Таңертең мектепке барар алдында, мен теледидар қараймын немесе компьютер қосамын. Демалыс күндері достарымызбен серуенге шығамыз. Біз дос қыздарымызбен киноға барамыз, көшеде серуендейміз, көңілді тілдесіп бос уақытымызды өткіземіз. Біз әр демалыс кезін асыға күтеміз. Біз қысқы демалыс кезінде, қала сыртына отбасымызбен бірге шығып, таудан сырғанаймыз. Ал жазғы демалыс кезінде, достарымызбен аквапаркке және саябақтарға барамыз. Мен бос уақытымды көңілді өткізгенді ұнатамын.
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.