Астана жас қала болсада болашағы өркені бар кала Астана ол сұлу әрі әдемі кала болғандықтан көптеген туристерды озыне каратып жыл сайын миллион даган адамды озыне тартып алуда әлемде канша адемы кала болсада Астананын сұлулыгымен коркемдыгыне жетпейды
Астана асемде коркем бас кала
Астана жастардан бастау алғанда
Астан омыр мен күлкі каласы
Астана еліміздің бас қаласы
Мен ғарышкер боламын.
Мен кішкентай кезінен бері ғарышкер болуды армандаймын.Тоқтар Әубәкіров ағам сияқты ғарышкер болам! Ғарышкер болу үшін жақсы оқу керек.Жәнеде денсаулығым өтте жақсы болу керек. Ғарышкер болу оңай емес.
Туған тілім
Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?
Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.
Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі ең басты байлығымыз. Ана тілі ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім қазақ тілі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл. Бұл ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. Ана тілі халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Тіл тағдыры ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.
Көктем келді. Көктем айлары-наурыз, сәуір, мамыр. Күн жылынды. Мұз, қар еріді,өзендерде сең жүре бастады. Көктем мерекері: 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз-Наурыз мейрамы, 1 мамыр - Ынтымақ күні, 9 мамыр- Жеңіс күні. Көкте мерекелерінің ішінде маған Наурыз күні ұнайды. Наурыз - Ұлыстын ұлы күні. Бұл күні наурыз көже пісіріледі. Қазақ халқы наурыз мейрамында ән шырқайды, күй тартады, балуан күрестіред
Эм... бойы? такое слово есть? на какой язык перевести?