<span>Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған "Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі”
атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.</span>
Ответ:
Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады.
Ответ:
Досым хат жазса, оның хатына жауап ретінде менде хат жазамын.
Туған күнге шақырса сыйлық сатып алып, құттықтауға барамын.
Демалысқа шықсам, тек жақсылап демалуға, көңіл көтеруге тырысамын.
Объяснение:
Қыс келді Айнала аппақ қар жатыр..Қыс айлары суық болады.Қыста құстарға азық табу қиын.Сондықтан балалар құстарға жем беріп жүр. .Құстардың табиғатқа пайдасы зор.Олар бау -бақшаларды, егінді, ағаштарды қорғайды.Сондықтан олар құстарды қорғап .құстарға қамқорлық жасап жүр. Құстарға жем шашуды ұмытпау керек.
Жануарлардың неше түрі болады. Кейбірі – ірі, тағы бірі – кішкентай, енді бірі – алып. Горилла, шимпанзе, піл, кит, керік және түйе – алып жануарларға жатады. Оларды Арктикадан Сахараға дейін барлық жерлерден кездестіруге болады. Олар денесінің тем пературасын бір қалыпты ұстап, суықта да, ыстықта да белсенді тіршілік етеді. Алыптар шөпқоректілердің де, етқоректілердің де арасынан кездеседі. Ірі жануарлардың миы да үлкен болады. Өйткені олардың мимен байланысқан жүйке тамырлары көп. Бұл жануарлар өз бойынан тараған жылуды өзінде сақтап қалулары керек. Олардың денесіндегі жүн мен терісінің астындағы қалың май қатпары жылудың сыртқа шығып кетпеуін қамтамасыз етеді. Күн ыстық кезде, жылу жануар денесіндегі тері бездері арқылы тер болып шығады. Сондықтан олар басқа жануарлармен салыстырғанда суды көбірек ішуге мәжбүр.