Биздин аулада балалар аланы бар:онда аткеншек, кум жане сырғанақ бар.Тагы да кәуап писиретин мангал бар.Жане аулага агаштар мен гүлдер отыргызылган. Жане биз букил отбасымызбен отыратын орындык бар.
Табу керек пе әлде... түсінбедім
Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін! Ал мектепке келгенде бізді екінші анамыз – ұстазымыз Сәния Дүйсенбекқызы қарсы алады. Ол кісі жылы қабағымен қарсы ала отырып, бірден қатаң бақылауға алады. Әртүрлі мерекелерде біз қызықты ойындар ойнап, би билеп, ән саламыз, ертегі кейіпкерлері болып ойнаймыз. Сурет, би, хор үйірмелеріне қатысамыз. Сәния, Дәмелі ұстаздарымыз өте мейірімді жандар, біз ол кісілер мектептен қалмаса, ауырмаса екен деп ойлаймыз. Жазғы демалыста мұғалім бізді мұражайларға, қалаға серуенге, кинотеатрға алып барды. Біздің сыныпта Айнұр, Замира, Фатима деген қыздар бар. Олар әр түрлі мінезді, өнерлі. Наурыз айы - мереке айы. Біз Аналарымызды, апаларымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қуаныш тілейміз!
<span />
Аққу шоқжұлдызы
Аққу - Солтүстік аспан жартышарының шоқжұлдызы. Оның орталығындағы жарық жұлдыздар аспанда айқыш пішінді бейнелейді. Аққу α жұлдызы аспандағы 1 дәрежелі 21 жұлдыздың бірі. Аққу шоқжұлдызы - Құс жолында жатқан шоқжұлдыздардың бірі. Аққу шоқжұлдызындындағы Аққу α жұлдызы, Лира шоқжұлдызындағы Лира α жұлдызы және Бүркіт шоқжұлдызындағы (Орел) Бүркіт α жұлдызы жазғы аспан үшбұрышын құрайды.
Ең алғаш рет аққу щоқжұлдызы Клавдий Птолемейдің«Альмагест» кітабында «құс» деген атаумен кездеседі. Егер бір деректер бойынша, аққуды Леданың артынан жүретін Зевс деп айтса, басқа деректер бойынша Аққу Лира шоқжұлдызының қасында орналасқан Орфей деп айтылады.
Көп жағдайда бүгінгі шоқжұлдыздардың аты грек тілінде айтылса, жұлдыздардың аты арабша айтылады. Соған байланысты аққуды гректер «орман құсы» деп, ал арабтар «тауық» деп атаған. Арабтардың «тауық» деп атауының себебі, аққу шоқжұлдызының ең жарық жұлдызы – денеб араб тілінен аударғанда «тауықтың құйрығы» деген мағынаны береді.
Батыс мифологиясы бойынша Аққу шоқжұлдызы туралы үш түрлі айтылым бар:
1. Құдайлардың Құдайы Зевс Афинаның солтүстігіндегі Rhamnus-тан өтіп бара жатқанда кек құдайы Немезиданы көріп ғашық болып қалады. Немезида одан құтылу үшін ұқсамаған хайуанның пішініне еніп, біресе су жолымен, біресе құрлық жолымен қашады. Бірақ ақыры Зевстің қуғындауынан қашып құтыла алмайды. Ол ақыры аспандағы Аққу шоқжұлдызына айналып кетеді.
2. Зевс кек құдайы Немезиданы қолға түсіру үшін өзі аққуға айналып, махаббат құдайы Афродитаға бір бүркітке айналып өзін қуалауды бұйырады. Мақсаты Немезиданың жанашырлығын ояту болатын. Зевс мақсатына жетеді, сосын осы істі еске сақтау үшін Аққу және Бүркітті бірдей аспанға шығарып, оларды Аққу және бүркіт шоқжұлдызы етеді.
Осы екі ертегідегі оқиға бойынша, Немезида жұмыртқа табады да оны Гермеске береді (кейбір айтылым бойынша Спартаның әйел патшасы Ледаға береді, кейбірі бойынша бір қойшыға береді). Сол жұмыртқадан Гректің ең әйгілі сұлу аруы Елена өсіп шығады.
3. Тағы бір айтылым бойынша, Зевс аққуға айналып Спартаның әйел патшасы Леданы қызықтырмақ болады. Содан Леда екі жұмыртқа туады. Оның бірінен егізжұлдыз Кастор мен Полидевк , ал келесі жұмыртқадан Елена мен Клитемнестра пайда болады. Жұмыртқа қабығы Спарта ғибадатханасында жібек жіппен іліп қойған екен. Әдетте Кастор мен Клитемнестра Спарта патшасы Тиндарейдің ұрпағы есептеледі. Ал Троялық Елена мен Полидевк екеуі Зевстің ұрпағы есептеледі.
Сабаққа əрқашан кешікпей бару керек