<span>Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді; Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді. Тозған қазды Топтанған қарға алады. Ынтымақ түбі –игілік, Тірлік, тірлік түбі – бірлік. Ағайын тату болса – ат көп, Абысын тату болса – ас көп. Теңге – тиыннан, Ынтымақ – ұйымнан.</span><span>Ынтымақ түбі — игілік. Екі құзғын таласса, Бір қарғаға жем болар. Көнектен шошынған бие оңбас, Көптен бөлінген үй оңбас. Бір жеңнен қол шығар, Бір жағадан бас шығар. Қырық кісі — бір жақ, Қыңыр кісі — бір жақ. Көптеген жау алады, Көмектескен дау алады. Күшенген жеңбейді, Күші көп жеңеді. Ынтымақ — бұзылмайтын қорған, Қосылып еккен ағаш — орман. Біреуің бас, біреуің аяқ бол, Біреуің құйрық, біреуің қанат бол. Аздың азаншысы болғанша, Көптің қазаншысы бол. Күш — бірлікте. Саусақ бірікпей — Ине ілікпейді. Ауыл болса — қауым бол. Аз да бітер, көп те бітер, Татулыққа не жетер? Біршілік болмай — тіршілік болмайды. Ұйымдасқан ұтады. Тоқтығында жараспаған, Аштығында қараспайды. Қосылғанның — қолы ұзын, Қос керуеннің — жолы ұзын. Байлық байлық емес, бірлік — байлық. Қол жұмылмай — жылынбайды. Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді. Құрама жиып ел өткен, Құрақ жиып шөп еткен. Ұйымдасқан ұтады. Ынтымақтың арты игі. Ынтымақсыз елді — Ұрысы билейді. Ынтымақты елді — Дұрысы билейді. Жұрт келгендей жиын болсын, Жұмылған қолдай ұйым болсын. </span>