Мен бүгін Алматы қаласындағы үлкен метроға бардым және ол жер маған өте қатты ұнады
Табиғат – бәрiмiздiң ортақ үйiмiз. Қазiргi кезде табиғат бiзден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың, қаламыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшiн жердi дұрыс пайдаланып, жасыл желек өсiмдiктердi молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза күйiнде болашақ ұрпаққа табыс ету – бiздiң парызымыз.Елiмiздiң экологиялық жағдайын қалыпты ұстап, табиғат байлығын сақтау және оны молайту тек бүгiнгi күннiң қажеттiлiгiнен туындамайды, ол ертеңгi күннiң проблемаларына да жауап бередi. Қоршаған ортаның қазiргiдей ауыр жағдайында елiмiздiң келешек иелерiнiң экологиялық сауатын көтеру – бүгiнгi күннiң кезек күттiрмейтiн мәселелерiнiң бiрi.Қазақстанның басты байлығы ол денi сау – бала. Экологиясы бұзылып ауасы ластанған елде денi сау бала дүниеге келе ме? Денi сау баласыз, бiздiң болашағымыз қалай болмақ? Қайың болып өмiр сүргiсi келген ақынның қазiргi ауылындағы қайыңдар аллеясы яғни “Мұқағали саябағы” бой көтерген. Онда қайыңдар көшетi отырғызылып болашақта мәуелi ағаш болып жайқалып, саясында келер ұрпақ таза ауамен тыныстап дем алуға болады. Жас қайыңдарды да ауыл жұрты өздерi отырғызды. Ақынның өзi жоқ болса да ұрпағына қалдырған қазынасы, оны бiз ақынның көзiндей көрiп сақтаймыз.
-Сәлем!
-Сәлем.
-Қайда барасың?-Мен театрға бара жатырмын.
-Мен бір кездері театрда болдым.
-Шындығында?
-Ия, тек мені шығарып тастады.
-Неліктен сіз шықты?-Мен бір досымды көріп, оған айқайладым. Мені бұл үшін шығарып тастады.
-Себебі сіз театрда шу шығара алмайсыз! Онда сіз тыныш болуыңыз керек!
-Мен бұл туралы білмедім, қазір не істеуім керек?
-Менімен бірге театрға барғыңыз келе ме?
-Мен қалаймын!
-Келіңіздер!
Ответ:
1)Ертедегі адамдар нені армандады?
2)Оны тану ушін олар не істеді?
3)Олар не ойлап тапты?
4)Адамның кəсіпке бейімделуі неден басталды?
5)Жаратылыстың қандай сыры бар?
6)Біз бар мүмкіндігімізді қандай салада дамытуымыз керек?
7)Бұл қандай маманды талап етеді?
8)
9)Табиғатқұмарлар үйірмесінің жетекшісі кім?
«Күлтегін» жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және адам баласының жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында адам баласы жаралған). Бұдан кейін бүкіл адамзат баласына Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. «Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.
«Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.