Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.
Ойында қанша құмалақ болады: 162 құмалақ. Тоғыз құмалақ ойынын ата-бабаларымыз қалай атаған: <span>Малшылар математикасы </span>Тұздықты ежелде қалай атаған: Тұзды үй
Анам менің – аялаған ақ гүлім Анам менің – бақытым мен шаттығым “Анашым” – деп балаң жырын арнаған Неге ғана естімеген тәтті үнін Анам менің – өмірдегі тірегім Анам менің – кеудемдегі жүрегім Егер менің қасымда сен болмасаң Бұл өмірде қалай ғана жүремін.Ана дейміз бәріміз де аңқылдап Ана дейді жас сәби де жарқылдап Ана деген-бәйтерегі өмірдің. Ана деген –алтын қазық, алтын бақ. Ана деген- асыл жандар болаттай Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай. О, адамдар қадірлей біл ананы Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай