Қазақ əйелі бұрын іргелі философиялық категория еді, енді - ауыр тұрмыстың жүгін тартқан арбакешіне айналды. Ертедегі Қыпшақ қыздары, "Тұрандот ханшайымдар" өздерінің сұлу сымбатымен, табиғи тартымдылығымен, шығыс қыздарына тəн ерекше сəн-салтанатымен Еуропаның рыцарларын құмар еткен. Туран - Тұран (мемлекеттің аты), дота, дотха латынша қыз деген сөз. Сонда Тұрандот - "Тұранның қыздары" дегенді білдіреді. Десе дегендей-ақ, олар расында да өте сұлу, көзге түсерліктей болған. Осы күні автобус пен троллейбуста бірімен-бірі орысша шүлдірлесіп, қазақ тілін менсінбей тұратын қыздардың апа-əпкелері, тегі - сол Тұрандоттар дегенге кімді сендіреміз? Адам баласы азамын десе оп-оңай екен. Көбінің есімдері де Жанна, Жанка. "Жанна" деген "Иван" дегеннен шыққанын біле ме екен солар? Қазақ қызы, қазақ əйелі бұндай дəрежеге қалай түсті, не өзгеріске ұшырады - қазақ əйелінің бүгінгі рухани философиялық портреті жайлы айтсам деп көптен толғанған едім.
Қазіргі қазақ əйелі көшеде шемішке сатып, əйтеуір жанын сақтап отыр. Сөйтсе де құдіретін төмендетер емес, өйткені ол өзінің ғана жанын сақтап отырған жоқ, дəл қазір бала-шағасын табатын да, бағатын да солар, ең абзалы сол - арақ ішіп жүрген күйеуін қоса асырайды. Алакөл ауданында "Қамысқала" деген жер бар екен. Теледидардан сондағы балықшылардың өмірін көрсетті... Əумесер күйеуі балық аулаймын деп кетіп, ақ қар, көк мұздың үстінде ішіп қайтатын көрінеді. Ішкен соң төбелесетін əдетіміз тағы бар, солардың біреуінің əйелі болса керек, қолына айбалта ұстап күйеуін басқа біреуден ажыратып жүр. Міне, азғанда осындай дəрежеге дейін жетіппіз. Біз еркектер, ең ақыры күйеу болуға да жарамай қалдық, азық тауып бере алмаймыз, Абай айтқандай, "Жалға да, жат елге де кете алмай, мал таба алмай", - жатырмыз. Өйткені арақ ішеміз, өтірік айтамыз, қолымыздан ештеңе келмейді. Келетін нəрсе - əдемілеп тұрып арақ ішу, "разборка", сосын төбелесу.
Қазір басымыздан ұлттық апат өтуде. Апат, өлім-жітім барлық жерде қазаққа əуес. Көпірдің астында қыңсылаған қаншық секілді қазақтың балаларының жарық дүниеге келе алмай шырқыраған, құлындаған ащы даусы естіледі. Тастанды балалар саны статистикада - 50000, ал ғалым М. Тəтім 80000 деп көзіне жас алады. Бəрі - қазақ. Қазақтың болашақтағы хас жауы солар болмақ. 120000 "кəрі қыз" орнын таба алмай жүр.
Ағашты кес,алманы кес,матаны кес,етті кес
Это значит что надо найти главные слова и зделать фанетику