Күйдің екі түрі бар олар шертпе күй жəне төкпе күй. Шертпе күйдің шебері Құрманғазы Сағырбайұлы. Төкпе күйдің шебері Тəттімбет Қазанғапұлы . Күй қазақтан шыққан. Куй Қобызда домбврада және тағы басқа қазақтың ұлттық аспаптарында орындалады
Алматынын тауларында оте коне муз айдыны орналаскан. Оган котирилсен тан каласын. Онын табигаты, ауасы баскаша болады. Озинди еркин сезинесин. Коньки алып, музга шыксан типти рахаттанып каласын. Музы оте жаксы. Медеу оте кен. Оган бирнеше жуз адам сыяды. Былай айтсам тусуниксиз, озин барып коруин керек.
Менің сүйікті ТВ-шоуым- " Пәтердік сұрақ" Мен әрқашан оны көру үшін, демалысты күндерді үлкен ләззәтпен күтемін. Адамдардың пәтер ауыстырғаны маған қатты ұнайды. Бірақ адамның бірінші рет өзінің пәтерінің жөндеуден кейн көрген бақытты беті маған оданда қатты ұнайды
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.