Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. Біреу малма сапсиды, салып иін, Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. Енесіне иіртіп шуда жібін, Жас қатындар жыртылған жамайды үйін. Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен. Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы, Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен. Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең, Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң, Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең. Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы, Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы. От жақпаған үйінің сұры қашып, Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
Кітапхана — мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы.
Менің жазғы демалысым жақсы өтті! Жазда мен өз достарыммен қыдырдым, теңізге барып шомылдық.Біз сонымен қатар Анапа қаласына да барған болатынбыз.Анапаға екі күн көлікпен жол жүрдік. Бұл қалада өте көнілді болды. Мен өзімнің құрбым Снежанамен жеті күн бойы бассейнға барып жүрдік.Бұл күндер өте тез өтіп шықты. Біз жиі таза ауаға,табиғатқа ата-аналарымызбен демалуға шықтық.Кейде көлікпен өзенге шомылуға шығып жүрдік,жиі таза ауада қауап пісірдік. Жиі саяжайға да барып жүрдік. Биылғы жазым менің көңілімнен шықты!
1. Мен үшінші сыныпта оқыимын 2. Менің інім бірінші сыныпта оқыйды 3. Нартай ән айталады өйткені ол ән айтқанды жақсы көреді. 4. Нартай ән айтуға өте лайықты ол ән айтуға өте жақсы! 5. Нартайдың даусы әдемілік! Өйткені ол ертегіні ұнатады 6. Інім ән үйірмесіне барады!