Салт- это непереходный, то есть обычный глагол. А сабакты(переходный)- это, когда глагол в форме табыс септик с окончаниями -ты и так далее.
Иә, біз бақытты елдің ұрпақтарымыз! Осындай бейбіт те тыныш, көк аспанның астында, керемет мектеп пен үй, әдемі көйлектер киіп жүргеніміз, осы Ұлы Отан соғысына қатысқан намысты ағаларымыз бен батыр әпкелеріміздің арөасы. Биыл Ұлы Отан соғысына 73 жыл. Осы жыл ішінде мұндай қанды соғыс пен тарихта мәңгі есімдері қалғаг аға-әпкелерімізді қмыту мүмкін емес! Біз Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына орай әдетте мектепке Ұлы Отан соғысына қатысқан апдагерлерімізді шақыратын едік. Алайда,қазірде бұ л ардагерлеріміздің санының азайып бара жатқаны өкінішті... Дегенмен, мектепте біз ардагерлеріміздің ерліктерін еске алып, әрдайым оларды ұмытпай, соғыста жоғалып, отбасына қайтып келмеген ағаларымыз жайлы біраз да болсын апайымыздан тәрбие алып отырамыз. Осындай ел үшін, жер үшін деп маңдай терлерін төккен ата-әпкелеріміздің ерлігі мен батырлықтарын келесі ұрпаққа жеткізу- біздің боршымыз!!!
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас өнертапқыштар жаңа құлтемірді лего құрастырғыштарының тетіктерінен жасаған. Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының еңбегі халықаралық бәйгеде үздік деп танылды, деп хабарлады 24.kz. Робот құрастыруда физика, математика, химия, биология пәндерінің берері мол. Тыңнан түрен салған таланттар үшін төзімділік қажет. Өйткені, бір роботты құрастыру барысында миллиондаған майда лего құрастырғыштармен жұмыс істеу қажет. Болашақта бар қызметті құлтемірлер атқарады. Жас өнертапқыш Санжар Асықбаев бұған сенімді. Сондықтан, робот техникасын дамытуды осы бастан қолға алу керек деп санайды. Өзі достарымен бірігіп, қала көшелерінде қоқыс жинайтын машинаны ойлап тапты. Жанармайды қажет етпейтін экологиялық таза құрылғы бір айдың ішінде құрастырылған. - Бұл Трэвиш» деп аталады. Оның басты мақсаты - қаладағы қоқыс мөлшерін азайту. Күн батареясын қолдану арқылы өзінің энергия қорларын қайтадан жаңарта алады, - дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Санжар Асықбаев. Демек, жақын жылдары елордада қоқыс жинап жүрген робот көрсеңіз, таң қалмаңыз. Бұл - жас өнертапқыштарымыздың жетістігі. Робот құрастыруда әлем бойынша Жапонияға тең келетін ел жоқ. Дегенмен, отандық өнертапқыштар да ешкімге есе жібермек емес. Балалар саланы дамытуға мүмкіндік бар деп отыр. Ол үшін қажырлы еңбек ету керек. Санжар бастаған команда өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Олардың жұмысы жақында ғана халықаралық байқауда үздік танылды. Шарада Ресей мен Сербияның жас өнертапқыштары да бақ сынаған болатын.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз