Менің кітабым
Сенің кітабың
Сіздің кітабіңіз
Оның кітабы
Біздің кітаптарміз
Сендердің кітаптарың
Сіздердің кітаптарініз
Олардың кітаптары
Ертең біз ауылға кетеміз,сондықтан мен сабақтарымды бүгін оқып қойдым.
Мен сабаққа бармадым,өйткені мен ауырып қалдым.
Бүгін біздің үйге қонақтар келеді,себебі анамның туылған күні.
Ботагөз бен Қарагөз апалы – сіңілі. Үй іші Шымкентке көшпекші еді.Тек оқу жылының аяқталуын күтіп жүрген.
Міне, көптен күткен күн де келді. Көкесі бірнеше жігітті ертіп келіп, дәу көк қасқа машинаға үй жиһаздарын тией бастады. Ботагөз бен Қарагөз де жүктерді тасуға көмектесті. Көңілдері көп нәрсені қимайды.
Олар жолға шықты. Бірер сағатта машина бейтаныс әсем үйдің ауласына келіп тоқтады.
Міне, біздің үйіміз осы, - деді аналары. Ботагөз бен Қарагөз жаңа үйді тамашалап, аралауға кірісті.
Бір кезде Қарагөз терезе жақтауындағы қарлығаштың ұясын көріп:
Алақай! – деп қуана айқайлап жіберді. Аң-таң болған Ботагөз жүгіріп сіңілісінің қасына келді. Екеуі қарлығаш ұясын ұзақ тамашалады. Жып-жинақы. Тостаған секілді. Қандай шебер жасалған! Ішінде қарлығаш балапан басып отыр. Жәудіреп екі қызға кезек қарап қояды.
Әкесі:
Қарлығаш – адамға ең жақын жүретін құс. Ұясына тиіспеңдер, қайта ертең балапандары шықса, жем-су құйып, қамқорлықтарыңа алыңдар, - деді. Осыдан кейін екеуі күн сайын ұя алдына жем-су қоятын болды. Мұны қарлығаш түсінді. Қыздарға бауыр басып кетті. Көп ұзамай балапандар да пайда болды. Шиқ-шиқ етіп тамақ сұрайды. Ана қарлығаштың жұмысы тіпті көбейді. Күні бойы құрт-құмырсқа, шегіртке тасумен әуре.
<span> Бір күні аулада ойнап жүрген қос қыз дәл жандарынан зу-зу етіп өте шыққан қарлығаштарды байқады. Қараса, апанда төрт қарлығаш түгелімен ұшып жүр. Екеуі қол шапалақтап мәз болды. Қарлығаштар да оларды айнала ұшады. Қуанғаны болар.</span>
Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығаруға арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару.
Мен таңғы жеті сағатта тұрамын.Денемді шынықтырып жаттығулар жасаймын.
Ванныйға барып жуынамын.Таңғы асымды ішіп,сабаққа барамын.Келген соң түскі ас ішіп,уй тапсырмаларды дайындаймын.Сосын бір сағаттай тынығып аламын.Далаға шығып ойнап келемін.Кешкі асымды ішіп,жуынып алған соң,уйықтаймын.