Тастан тасқа секіріп жем тереді.
/кекілік/.
-сәлем!
-Сәлем!
Келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын.
Рахмет, сені де құттықтаймын.
Наурыз мерекесін қалай тойлайсың? Бұл күні қайда барасың?
Наурыз мерекесін отбасыммен достарыммен тойлаймын. Анам Наурыз көже дайындайды, бауырсақ пісіреді, ет асады жайма жайып. Туысқандарымыздың үйіне барамыз Наурыз мерекесімен құттықтап және оларда бізге келеді.
- Ал, өзің ше ?
Мен де үйде тойлаймын, неше түрлі дәмді тағамдар пісіреді апам.
Наурыз мерекесінде қандай киім киесің?
Мен ұлттық киімдерімізді киемін.
Мерекелік концерт
Мен баянауыл ауылындағы орта мектепте оқимын.Жақында 22-наурыз болғандықтан мұғалім оқушыларға мерекелік концерт ұйымдастыруды бұйырды.Біздің сыныптың белсенділері :Сұлтан,Мақсат,Нұрғали,Айдана,Самал.Әр оқушы өз пікірін ортаға сала бастады.
-Нұрғали:мерекеде ән айтсақ қалай болады?-деді
-Самал оған қосыла кетіп бидіде қосайық"қазақ xалқының көктем мерекесі қара жорғасыз қайда барсын"-деді
Біраз уақыттан соң Сұлтан:әзіл қоссақ қалай қарайсыңдар?-деді
Оған қарсы Айдана:есің дұрыспа?болатын нәрсе айтпайсыңба? -деп ұрыса жөнелді
Мақсат біздің арамыздағы естісі еді.Ол:жоқ!немене бір сыныпта оқып ұрысып жатырсыңдар? -деп сөге жөнелді.Оданда басымызды біріктіріп,бірге ақылдасайық!деді.
Барлығы да бір ауыздан ән мен би ұйымдастырып,меркені көңілді де,әдемі өткізді.
1.Менің досымның үлкен,ержүрек иті бар.
2.Менің анам ең мейірімді,әдемі жан.
3.(Имя твоей подруги или друга)өте жақсы,ақылды дос
4.Бугін мен әдемі қарлығашты көрдім
5.Мен бугін мұғалімге жақсы сыйлық сыйладым
6.Менің ағам сыныбында ең тәртіпті және ақылды оқушы
Үй жануарлары, доместикация — жануарлардың қолға үйретілген түрлері.
Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады. Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін (бал арасы мен жібек көбелегі), құстардың 10 — 12 және сүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Зертханалық жануарлар — егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш және әсем құстар, тоты, шымшық, т.б., аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 — 10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.
Kroliki001.jpg
Қазіргі кезде:
170 млн-ға жуық қой — Австралияда;
197 млн-нан астам ірі қара мал — Үндістанда;
7 млн-дай түйелер — Сомалиде өсіріледі деп саналады.
Үй жануарлары тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге, рухани қазына болып есептелінеді. Жаңа ортаның әсері және қолдан іріктеу, жұп таңдау нәтижесінде бұларда адамға пайдалы жабайы жануардан өзгеше қасиеттер пайда болды. Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа, тұрқында да өзгерістер байқалады. Мысалы, ең ірі ит тұқымы — сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит — чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысығының салмағы — 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық — рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады. Тегіне қарағанда үй жануарларының сүйегі жеңіл, омыртқа саны аз, бас сүйегі кіші, сондай-ақ мүйізі, ішкі органдары да өзгеріске ұшырады. Бұлардың өкпесі, жүрегі, бүйрегі жабайы ата тегіне қарағанда кемірек дамыған, жыныс ерекшеліктерінде де көптеген өзгерістер байқалады. Ата тегімен салыстырғанда үй жануарларының жүйке жүйесінде де өзгерістер пайда болды. Мысалы, қолдағы мал миының көлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу органдарының қызметі төмендеген. Оның есесіне үй жануарларынан алынатын ет, сүт, жұмыртқа, жүн, т.б. мөлшері көбейді. Атап айтқанда, ең жақсы жүн меринос қойларынан алынады.