Үй жануарлары, доместикация — жануарлардың қолға үйретілген түрлері.
Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады. Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін (бал арасы мен жібек көбелегі), құстардың 10 — 12 және сүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Зертханалық жануарлар — егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш және әсем құстар, тоты, шымшық, т.б., аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 — 10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.
Kroliki001.jpg Қазіргі кезде:
170 млн-ға жуық қой — Австралияда; 197 млн-нан астам ірі қара мал — Үндістанда; 7 млн-дай түйелер — Сомалиде өсіріледі деп саналады. Үй жануарлары тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге, рухани қазына болып есептелінеді. Жаңа ортаның әсері және қолдан іріктеу, жұп таңдау нәтижесінде бұларда адамға пайдалы жабайы жануардан өзгеше қасиеттер пайда болды. Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа, тұрқында да өзгерістер байқалады. Мысалы, ең ірі ит тұқымы — сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит — чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысығының салмағы — 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық — рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады. Тегіне қарағанда үй жануарларының сүйегі жеңіл, омыртқа саны аз, бас сүйегі кіші, сондай-ақ мүйізі, ішкі органдары да өзгеріске ұшырады. Бұлардың өкпесі, жүрегі, бүйрегі жабайы ата тегіне қарағанда кемірек дамыған, жыныс ерекшеліктерінде де көптеген өзгерістер байқалады. Ата тегімен салыстырғанда үй жануарларының жүйке жүйесінде де өзгерістер пайда болды. Мысалы, қолдағы мал миының көлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу органдарының қызметі төмендеген. Оның есесіне үй жануарларынан алынатын ет, сүт, жұмыртқа, жүн, т.б. мөлшері көбейді. Атап айтқанда, ең жақсы жүн меринос қойларынан алынады.
Okazyvaetsya емес, әркім ер 70% су екенін біледі. Адам қанында, шамамен 80% су, және бас миының - 85%. ер ұзамай азық-түлік тапшылығы қарағанда су жетіспеушілігінен өледі. сұйықтық, ол туған онда адамның өмірін құрайды. Су адам ағзасындағы әрбір ұяшыққа сіңеді, ол метаболизм мен ұлпалардың дерлік барлық өмірлік процестерді мүмкін емес. Сондықтан, өміріне, денсаулығына, әл-ауқатын, біздің сапалы негізінен біз тұтынатын судың сапасына анықталады. тәулігіне су орташа шамамен бір жарым литр Салауатты ересек сусындар. су сұраныс қанағаттандырылған болса, барлық жүйелер ақ адам денесін жұмыс істейді.