Я собираюсь полностью освоить курс казахского языка.- Что может быть полностью освоен?Я пошел к трехмесячного курса.Нәтіже қалай?Есть ли тұрсың,жаман емес.Бірақ- много работы должно быть сделано.-Отбасыларында қащақша сөйлейсіңдер ме?Да, я обучаюсь говорить по-казахски.-Дұрыс, Я подписаться на курс с вами.
Күн-дер 1) буын бітеу 2) буын бітеу
К - дауыссыз қатаң дыбыс
ү- дауысты жіңішке , қысаң еріндік дыбыс
н - дауыссыз унді дыбыс
д- дауыссыз ұяң дыбыс
е- дауысты жіңішке ашық езулік дыбыс
р - дауыссыз унді дыбыс
--------------------------------------------
2 дауысты 4 дауыссыз 6 əріп 6 дыбыс
Он сегізінші қара сөз:
Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.
Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.
Менің пікірім: Жалпы АБАЙ атамыздың барлық қара сөздерінде терең ой,мағына жатырғаны сөзсіз. Мысалы, осы бір қара сөзінде не нәрсеге болсада шүкіршілік ету керек екендігін астарлап айтқан. Ақшанмен,дүниенмен,байлығынмен мақтанғанмен сен басқалардан оза алмайтындығынды, керісінше тек ақылынмен,арынмен,мінезінмен ғана оза алатындығынды айтады. Әр нәрсенің, яғни сөйлеудің,киінудің т.б өзіндік қағидасы бар екендігін ескертеді. Шыныменде бұл Қара сөзді дұрыс түсінген жан үшін - өмірлік ақыл болар еді.
Уақыт – адам баласынан бұрын жаратылған құбылыс. Бұған дәлел Құранның: «Адам баласының басынан, ол еш нәрсе болмай тұрған уақыт өтпеп пе еді?», – деген аяты. Бұл аят адам баласы жаралмай тұрған бір кезеннің болғандығын көрсетеді. Қазіргі кезде жастардың көпшілігі өз уақыттарын тиімді пайдаланбай жүргендерін көріп, жаның ашиды. Бүгінгі күні көк сандығы жоқ үйді, ұялы телефоны жоқ адамды табу қиын. Жасөспірім болсын, мейлі мектеп оқушысы болсын, тіпті бала-бақшаға баратын кішкентай балапандарымыздың қолынан да ұялы телефон табамыз. Ұялы телефон мен компьютерге бір кірсең шығуың қиынға соғады. Мысалы, теледидарды, күніне 3 сағат тамашалайтын болсаңыз, бір жылда кететін уақытыңыз 1095 сағатты құрайды. Бұл күндіз, түні 45 күн деген сөз. Яғни тоқтамай кірген 45 күн мен 45 түнге тең. Бұлардың мүлдем пайдасы жоқ деп айта алмаймын, десек те өз мөлшерінде тұтынуымыз қажет екенін мойындауымыз керек. Босқа кеткен уақыттың орнына қаңдай да бір ізгі амал жасап қалуымызға болатынын өзіңіз ойлап көріңіз. Қазақ халқы: «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», – деп бекер айтпаған.