Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.
Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.
Менің пікірім: Жалпы АБАЙ атамыздың барлық қара сөздерінде терең ой,мағына жатырғаны сөзсіз. Мысалы, осы бір қара сөзінде не нәрсеге болсада шүкіршілік ету керек екендігін астарлап айтқан. Ақшанмен,дүниенмен,байлығынмен мақтанғанмен сен басқалардан оза алмайтындығынды, керісінше тек ақылынмен,арынмен,мінезінмен ғана оза алатындығынды айтады. Әр нәрсенің, яғни сөйлеудің,киінудің т.б өзіндік қағидасы бар екендігін ескертеді. Шыныменде бұл Қара сөзді дұрыс түсінген жан үшін - өмірлік ақыл болар еді.
мұнда, яғни, адамдар көп энергияны құртатыны жайлы айтқысы келген (шығар) күннен күнге технологиямыз жаңартылып келеді,сол себепті энергияжа үнемсіз құртылуда.