Құштарлық сөзінің мағынасы- талпыну, ұмтылу. білгісі келіп тұру. Білімге құштар дегенде оның білімді жақсы көретіндігін көрсетеді. Спортқа құштарлық спортты жақсы көру.
Тіл – адамдық
белгісінің бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір – бірімізбен
әңгімелесе аламыз. Тілсіз мемлекет болмайды. Қазақта тілі жоқ халықты – “тұл”
деп атайды.
Қазақ тілі –
“еліміздің мемлекеттік тілі” екендігі Конституцияда заңдастырылған Біз хабар
білсек оны ауызша және жазбаша түрде айтамыз, білдіреміз. Ауызша айтқан өте
қажет. Өйткені осылай әдебиет дамыған. Жазба ол ауызшадан да қажет. Өйткені
жазу арқылы біз ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақ халқының салт – дәстүрін,
тарихын білеміз.
<span>Қазақ халқының
ақын, жазушылары, шешендері өте көп. Олар қазақ тілінде еркін сөйлейді, өз ойын
толық айта алады, өйткені қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілі ана сүтіндей өте
қасиетті. Қазіргі жастардың бір қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. Ал
кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерін қойып қазақ тілі қазағымыздың байлығы
екенін білмейді. Сол үшін біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміәз керек, басқа
ұлттарға үлгі көрсетуіміз керек. Тілсіз білім жоқ, ал білім - өмірдің шырағы.
Соған оравй қазақта “Білім кілті - тіл” деген мақал бар. Бұл әдебиетті, ғылым
білімді мәдениетті өркендетеді деген ұғым</span>
- Қыстап қалатын құстар: Қарға, сауысқан, торғай, суық торғай, сары шымшықпен таныстыру. Сауысқан – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ұясына — жұмыртқа салып, балапан басып шығарып оларды қауіп - қатерден сақтайды. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары біріңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жылтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық адамның айтқан сөзін жаттап алады. Суық торғай – кеудесі қызыл, қанаттары көкшіл болып келген, ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.
Қара қарға – басы, қанаты, құйрығы, арқасы мен бауыры бәрі қара болып келеді, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.
Торғай –- сүйір тұмсықты кіп – кішкентай құс. Ағаш қуыстарын, індерді, үй - жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Олар ұсақ жәндіктермен, өсімдік дәндерімен, тамақ қалдықтарымен қоректенеді; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді.
Сары шымшықтың кеудесі сары, қауырсындары көкшіл болып келеді. Ол үйдің қасында жүреді
шиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сары шымшықтың он беске дейін балапаны болады. Бір жазда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Ол ұясы мен алма ағашының арасында ерсілі - қарсылы ұшады да жүреді. Құрт таба қалса, балапандарына алып барады.
Күн суытқан кездері оларға күнбағыс, кендір, асқабақ, қарбыз дәндерін беруге болады. Сары шымшықтарға сүйекте қалған ет қалдықтары мен тұздалмаған еттің майлары да қатты ұнайды.
Дала қар. Бұл мəзгіл өте суық мезгіл! Арман мен Айдар далаға шығып коньки тебуді ұйғарды, сол кезде терезеден қарап қызыққан Сания конькиін алып далаға шықты. Арман мен Айдар қуанып Санияға жүгіріп келіп оған коньки тебуді үйретті. Сания қуана-қуана келісті. Үшеуі қолыстасып теуіп келе жатыр!