Ұлттық ойындардың түрі көп.Олар ,көкпар , қыз қуу, қазақша күрес тағы да басқалары.Ұлттық ойындар баға жетпес байлық.Ұлттық ойындарға халық ерекше мән берген.Ұлттық ойындар дене шынықтырады.Қазақ ұлттық ойындар ерлікті , тапқырлықты қажет етеді.
ГЕОГРАФИЯ, ГЕОЛОГИЯ, ГЕОДЕЗИЯ
Астана —
Әсем қала мерейтойы ерлігі де, өрлігі де ұрпаққа өнеге болып жалғасқан қасиетті қазақ жерінің шежіресін паш етер, көңілі дархан,жаны жомарт қазақ елінің ұлылығын ұлықтайтын асқақта, айбынды ажарлы Астананың қазақ елі монументы.
Жүздері бал-бұл жанып,қуанышы қойнындарына симай, шаттанған халық, Бейбітшілік және келісім сарайына қарай ағылып қазақ елі тарихи ескерткіш монументінің ашылуы салтанатында болдық.
Стеланың ұшар басында алып Самұрық құс бейнеленген.Қазақ ұғымында Самұрық-еркіндіктің,күш-қуаттың, кендік пен тәкәппарлықтың символы болып саналады.
Сол сияқты біздің Самұрық та –іргесі берік, шанырағы биік қазақ елінің бір көрінісі.
Тәуелсіздігіміздің символы-“Қазақ елі” монументі асқақтап тұр.Монументінің ауқымы 5,02гектар жерді алып жатыр.
Ескерткіштің мұнарасы 91 метр.
Қазақсан өз тәуелсіздігін 1991жылы алды.
Ескерткіштің биіктігі осы жылға орайлыстырып белгілеген.
1900 шаршы метр кеңістікке созылған мәрмәр тастан жасалған.
Ал тәуелсіздік тұғырын асқақ мұнараның ұшар басында заңғар аспан еркесі- Самұрық құстың 2,500 тонна алтындатылған қоладан жасалған бейнесі.
Күн нұрына шағылысқан ақ мәрмәр ескерткіш, алып Самұрық құс дархан пейіл,жайсан қазақтың ақ көлінің, асқақ арманындай.
Астаның 10 жылдық тойы – бұл Қазақстанның шаттыққа толы мереке болуымен қатар елдің кезекті даму биігіне қолжеткізген бүкіл халқымыздың үлкен жеңісі.
Қазақстанымыз бар болған он жылдың ішінде адам айтса нанғысыз көздің жауын алар әдемі,зәулім үйлері, қыран ұшар биікке өрмелеген Елорда өзінің бар қасиетімен ерекшелінеді.
Сарыарқа самалымен тербелген ерке-Есілдің бойындағы ғажап қала-ол біздің Астанамыз.
Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала.
Сымдай бой түзеген көшелер, жымың-жымың сәулелер.
Сарыарқа төсін тіліп аққан ерке Есіл қала көркін асқақтата түседі.
Шаһар сәні мен дария сұлулығы сабақтасып, керемет бір тылсым тіл, симфониялық үн сезім қылын шертеді.
Сұлу шаһар,тұнық әсем аспанда қалықтаған әсем ән.Астанадағы “Есіл” тұрғын үй кешені,”Астана –дәуір”,”Рамстор”,”Парламент ғимараты”,”Ғашықтар саябағы”,”Байтерек” салтанатты Ақорда,сәулеті келіскен сол жағалау сырт келбеті өзгеше бейбітшілік келісім сарайы,”Думан” ойын-сауық орталығы сынды Астананың көркіне көз тоймас талай ғажайыптары бар.
Осы жеті күннің ішінде қаламызда қандай фестиваль,конкурс,қандай көрме болмады.
Қала парктерінде қанша мерекелік іс-шаралар өтті.М.Горький атындағы орыс драма театрында елдің сахна ұжымдарының қатысуымен “Астана сахнасы” атты театр калейдоскопы, К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында “Опералия-2008” атты төртінші халықаралық музыкалық фестиваль,”Астана айналасындағы мыңжылдықтар” атты көшпелі өркениет фестивальдері өтті.
Сол мәдени шаралардың ең жоғары, Астана тойына арналған өнер шеберлерінің шығармашылық шашуының ең сүбелісі деп Ақорда алаңындағы амфитеатрда ұйымдастырылған “Жан жүрегім-Астана” атты мерекелік спектакль –феерияны айтқан жөн болады.
Неше түрлі әндер мен күйлер халқымыздың музыкалық мол мұрасын жарқырата танытты,бүгінгі композиторлардың, қазіргі заман эстрадасының биік деңгейін нақты көрсетті.
Жез тандай әнші, қазақ халқының бұлбұлы, өнер майталманы Бибигүл Төлегенова шырқаған әні, және Нұрғали Нұсыпжанов,Ескендір Хасанғалиев екеуінің қосылып салған әні,Роза Рымбаеваның тағы да талай-талай әншілердің асқақта та салған әні Астананың аспанында қалықтады.
Бүгінгі тәуелсіз еліміздің тапжылмас тұғырына айналған Астананы осы он жыл ішінде айтыскерлеріміз талай татымды жырға арқау етті, еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан келген айтыскер ақындарымыз елордалық саябақта тағы да шабыт шақырып, қаланың өткені мен бүгінгі қажыр-қайратын, онын қым-қуыт тіршілігін тілге тиек етіп, сөз сайыстыру үшін бас қосты.
Осы күні олар жыр додасының бірінші кезеңінде 11 жұпқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Олардың өнеріне елімізге белгілі ғалым-жазушылар Мырзатай Жолдасбеков, Сейіт Қасқабасов, Рымғали Нұрғали бастаған қазылар алқасы нағыз бабындағы жүйрікті анықтау үшін баға беріп отырды.
Екінші күні ең шырайлы, ең шұрайлы сөз сайысына түскен сегіз ақын астаналық саябақта өнер додасын одан әрі жалғастырды.
Менің сүйікті спортшым – Ермахан Ибраимов. Ол шебер спортшы, 71 кг салмақта бокстан бірнеше рет чемпион болған. Ермахан Ибраимов 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиадада алтын жүлде алды. 1998 жылғы Азия ойындарының, бірнеше Әлем чемпионаттарының жеңімпазы.Ермахан Ибраимовтың шәкірті Бахтияр Артаев. Ол әлі көп Олимпиада чемпиондарын дайындайды деп үлкен үміт күтемін. Ермахан Ибраимов – біздің мақтанышымыз
Мұхтар ШахановТуған күні
2 шілде 1942 (74 жас)
Туған жері
Қасқасу селосы, Төле би ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Азаматтығы
 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы→ Қазақстан
Ұлты
қазақ
Мансабы
жазушы, депутат, драматург, ақын
Бағыты
Социалистік реализм
Шығармалардың тілі
қазақша
Мұхтар Шаханов (2 шілде 1942 жылытуған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны, драматургі.
Өмірбаяны
Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969)."Оңтүстік Қазақстан" (1960-65)"Лениншіл жас" (1965-70) газеттеріндереспубликалық телевизия, радиоредакцияларында (1971-75) істеді.1976 жылдан Қазақ КСРМинистрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы.«Жалын» альманахының (1984) бас редакторы«Жалын» журналының бас редакторы (1986)1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды.2004—2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты."Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті.Қазақстан Жазушылар одағыбасқармасының хатшысыреспубликалық "Жалын" журналының бас редакторы