Қалада ірі ғимараттар мен құрылыстар бар. Көптеген көліктер мен автобустар жүреді. Жарықтар мен қалалық саябақтар көп.
Ал ауылда кішігірім өзендер мен көлдер, қарапайым үйлер мен өсімдіктер өседі. Айырмашылығы ауыл кішкентай әрі ауасы таза ал қала үлкен әдемі болғанымен ауасы таза деп айта алмаймыз!
Шұғаның белгісі» хиқаяты. Өзінің проза жанрындағы тұңғыш туындысы—»Шұғаның белгісі» хикаятын Б. Майлин жасы жиырмаға толар-толмаста «Садақ» атты қолжазба журналда жариялайды. Соған қарамастан, бұл шығарма күні бүгінге дейін қазақ прозасының айтулы үлгілерінің бірі болып қалып отыр. Егер ол кез — 1914—1915 жылдары — қазақ прозасының жаңа ғана бой көтере бастаған балаң шағы екенін ескерсек, онда мұндай ғажайып туындыны қолына жаңа қалам ұстаған шәкірт талапкердің дүниеге әкелуі танымдық тұрғыдан да ерекше қызық кұбылыс. Хикаятта ескі қазақ қоғамындағы кезекті мәселе — әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы әңгіме болады. Әлеуметтік теңсіздік кедергі болып, армандарына жете алмаған байдың қызы — аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдыры суреттелген. Есімбек бай қызын кедей жігітке бергісі келмей, олардың жолығысуына тыйым салады. Онымен де тынбай, өтірік жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Осындай қатыгез зорлықтан ішкұса болған нәзік жанды Шұға айықпас дертке шалдығып қайтыс болады. Айдаудан босатылған Әбдірахман сүйікті ғашығы — Шұғасына асығып жеткенде, қайран арудың қазасының үстінен шығып, бордай егіледі, өзіне қалдырған хатын оқып, көз жасын көл етеді…
Қазақ халқы ерте замандарда киіз үйде тұрған.Киіз үйдің құрылысы шаңырақтан,есіктен,уықтар мен қаңқадан тұрған.Ішкі бөлігі:киізден,сандықтардан,дастархан үстелінен, және көрпе төсеніштермен,қамшы,домбыра,үкі сияқты заттардан тұрған.Киіз үйдегі дастархан басында отырудың өз әдебі бар.Қонақ немесе үйдің үлкені төрде отырады,қыз балалар сол босағада,ал ерлер жағы оң босағада,ал келіндер табалдырық жақта отырған.
Еңбек сабагында ер балалар ағаштан әр түрлі мүсіндер жасайды. Ал қыздар тоқыма тоқиды.