1.Ердің сыншысы-ел
2.Жақсы болсаң жақын көп
3.Ерлік білекте емес,жүректе
4.Жері байдың,елі бай
5.Ақыл -дос, ашу - дұшпан
6.кім еңбек етсе сол тоқ
7.мал баққанға бітеді
8.адам деген ардақты ат
Тәуелсіздігімізде. Өз елімізде өз тілімізді құрметтегеніміз. Әр адамның құқығы қаралған. Ешкімге тәуелді емеспіз.
Жаңбыр туралы шағын шығарма
Шіркін, табиғат көптеген тылсым құбылыстарға толы ғой...! Соның бірі - жаңбыр. Ата - бабаларымыз қашанда жаңбырды «нұр» деп есептеген. «Жаңбыр жаумаса, жер жетім», «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», «Жаңбыр жауса, жер ырысы» деген мақал – мәтелдер соған дәлел бола алады.
Өз басым жаңбыр жауған күнді өте қатты ұнатамын, әсіресе жаздыгүні жайлауда жауған ақ жауынға ешнәрсе тең келмес. Ол көңіліңді көтеріп, жаныңа үміт ұялатып, жылы сезімге бөлейді. Өзің де ыстықтан бір демалып, сергіп қаласың, ал жаңбырдан соң таза ауаның иісі не деген керемет! Дегенмен, «табиғатта жаман ауа райы болмайды» демекші, жаңбырдың да түр – түрі болады. Көктем мен күзде көбінесе аспанды бұлт торлап, айналаны түнек басып, жаңбырдың салқын тамшылары жерге тарсылдап түскен кезде көңіл – күйіңді де бұлт басқандай болады. Бірақ, қандай болмасын, шелектеп жауған жауынның өз пайдасы бар, бұндай жауын жерге нәр беріп, жан – жануарлар мен құстарға да өз пайдасын тигізеді. Ал жаңбырдан соң болатын кемпірқосақ ол мүлдем ерекше дүние. Бейне бір сиқырға толы құбылыс қой. Күлімдеген күннің көзін көмкерген бұлттардан кейін шығатын бұл ерекше «сиқырлы құбылысты» бақылағанның өзі бір ғанибет деп білемін!
Малшы, билші, ушкыш, жанагы
Қыс келді, қаланың барлығы аппақ қар жамылып тұр. Жерде жылтыр тайғанақ мұз, ал аспанда жарық күнді аспан. Қыста ауа өте таза болады. Бірақ аспанда құстар жоқ, олар жылы жерлерге ұшып кеткен. Гүлдер, шөп, ағаштар қардын астында ұйықтап жатқан
сияқты.
Мен қысты жақсы көремін! Таза салқын ауа керемет қой! Қыста жаңа жыл болады, ол менің сүйікті мерекем. Балалар түрлі костюм киеді, шыршаның алдында билейді, аяз атаға өлен айтып береді, одан сыйлықтар алады, жəне қыста біздін мектепте демалыс бар. Мен оны жақсы көремін, өйткені достарыммен ойнай аламын. Қыста мен қар лақтырып ойнаймын ол өте қызық. Отбасыммен Медео айдынына бара аламын, шанамен қардын үстінде сырғанаймын.
Мен қысты жақсы көремін!