Дәмді диета тез тамақтанудан әлдеқайда жақсы және сау болады. Дұрыс тамақтану кезінде дене және витаминдер үшін көптеген пайдалы және қажетті заттар бар. Көптеген адамдар үй тағамдарын ең дәмді таба алады. Фаст фуд көптеген зиянды заттардан, бояғыштардан және консерванттардан тұрады. Олар біздің денсаулығымыз үшін зиянды. Күн сайын жемістерді, көкөністерді және жидектерді жеуге болады. Сондай-ақ тәулігіне 2 литр таза су ішеді. Тамақты өзі дайындаған жөн. Бұл бүкіл отбасын мейірімді етеді. Сонымен қатар сіз ақша үнемдейсіз. Сіз кафеде немесе мейрамханада өткізген ақшамен сіз көптеген дәмді және пайдалы өнімдерді сатып ала аласыз, мысалы, үйдегі бірдей картопты дайындай аласыз, бірақ мұндай үлкен мөлшерде емес.
Сіз не жеп, не көргеніңізді қадағалап, содан кейін ешқандай проблема сізді алаңдатпайды.
Кәде – қазақ халқының рәсімдік және ғұрыптық жоралғыларының жиынтық атауы. Кәде жасамау – дәстүрді сыйламау, яғни әдет заңын бұзу деген сөз. Кәделердің ережесі, әрқайсысының өз жасау тәртібі бар. Оны бұзуға болмайды. Кәдеге тоқтау жоқ, дәлел жүрмейді, сөз өтпейді. Кәде беру – міндет. Өйткені халық арасында «ат өлсе де, кәде өлмейді» деген атамыздан қалған аталы сөз бар. Той кәделері (тойбастар, сарқыт, байғазы, көрімдік, сүйінші, айттық, жыртыс, шашу, бата т.б.). Сондай-ақ, Құдалық кәделері, Күйеу кәделері, Балаға арналған кәделер мен Қаза кәделері бар. Оларға кейінірек жеке-жеке тоқталып өтеміз. Алдымен Той кәделерінен бастасақ. Той кәделері Тойбастар – қыз ұзату, үйлену т.б. тойларда айтылатын өлең түрі. Қазақтың қай тойы болмасын, «тойбастар» жырымен басталады. «Тойбастар» айтқан адамға жақсы сыйлық беріледі. Той бастардың негізгі мазмұны – тойдың салтын дәріптеу, той иесі қызды мақтау, той жасаушылардың жақсы тілеуіне үн қосу. Сарқыт – тойдан, айт мейрамынан ырымдап кәмпит, құрт сияқты дәмнен алып, үлкен кісілер (негізінен әйелдер) үйдегі балалары мен келіндеріне әкеліп ауыз тигізеді. Сол сияқты үлкен табақтан қалған етті де «сарқыт» деп, оны да жастар үлкен кісілердің жолын, абыройын берсін деп ырым қылып жеген. Бұрын «сарқыт қайтады» деп келіндер үлкендердің табағын әдейі күтіп отыратын болған. Қазақ салтында сарқыттың ырымдық әрі тәрбиелік дәстүрлік маңызы зор. Байғазы – қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны, көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелеріне, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер Байғазы (ақша, малдың төлі, т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, ізгі тілек білдіреді. Көрімдік – қазақ салтында жаңа киім киіп, мүлік aлғанда, жаңа үйге кіргенде, жетістікке қол жеткізгенде туған-туысқан, жора-жолдастарының жасайтын кәдесі. Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып, беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.
Күтпеген жерден тасбақаны біреу аспанға көтерді.Тасбақа артына қараса оны қыран құтқарыпты.Солай тасбақа аман қалды
Жексенбі куні мен әрдайым тұратын уақытымнан кеш тұрдым. Жуынып, таңғы асымды іштім, кішкентай ініммен ойнадым. Сосын ата-анамызбен бірге киноға бардық. Содан кейін үйге келдік, мен достарыммен бірге футбол ойнадым және велосипед тептім.