Ответ:
<em>Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатары-на
</em>
<em>жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігі. Адамзат
</em>
<em>мәдениетінің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу Типінің пайда
</em>
<em>болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба
</em>
<em>коммуникацияның, жазба тілдің жоғары даму сатысына жеткенінен хабар береді. Бүгінде жазу кеңістігі ұлғайғаны соншалық оны
</em>
<em>жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен
</em>
<em>ойлау, жазу мен тіл, жазу және коммуникация
</em>
<em>сияқты іргелі ұғымдар оппозициясында қарауға болады</em>
<em>Жазу – адамның жазба есі, жады болу қызметін атқарады.
</em>
<em>Бұл оқу-ағарту (мектеп) саласында ауызша үйретумен қатар
</em>
<em>жаздырып, түсіндіруден көрінсе, кейін жоғары оқу орнында
</em>
<em>(ЖОО) тек жаздыру арқылы (лекция) түсіндіру немесе ауызша
</em>
<em>түсіндірілгенді студент, аспиранттың өзі қағазға “түртіп” отыруынан байқалады. Жазудың жадылық қызметі қоғамның бұдан
</em>
<em>басқа да салаларында кеңінен қолданылады.
</em>
<em>Жалпы жазу термині қазіргі тіл білімінде мынадай
</em>
<em>мағыналарда жұмсалады:
</em>
<em>а) ойды, айтылған сөзді қағазға түсіру, таңбалау процесі; ә)
</em>
<em>осы процесс арқылы жазба мәтін құрау (хат жазу, арыз
</em>
<em>жазу, ойды жазу арқылы сыртқа шығару); б) белгілі бір тілдің
</em>
<em>жазба тілінде қызмет ететін графикалық
</em>
<em>жүйе (мысалы, араб жазуы); в) әліпби; орфография; жазба
</em>
<em>тілжүйесі (қоғамдық таңба, тілді реализациялайтын жүйе); г) жазылған дүниенің сыртқы
</em>
<em>формасы, қолтаңба (менің жазуым жаман деген мағынада); ғ) шығармашылықты жүзеге
</em>
<em>асыру (әңгіме жазу, өлең жазу,
</em>
<em>диссертациялық еңбек жазу); д) музыкалық туындыны
</em>
<em>таңбалау (балет, опера жазу).
</em>
<em>Бүгінде қазақ тіл білімінде жазу термині әліпби, графика,
</em>
<em>ор-фография, жазба тілұғындарын түгел қамтитын кең мағынада қолданылады.</em>
<em> А.Байтұрсынұлы “Біздің заман
</em>
<em>– жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық
</em>
<em>дәрежеге жеткен заман” деген.
</em>
<em>Жазусыз өркениет болмасы анық.</em>
<em>Бүгінгі күн тұрғысынан жазу белгілі бір тілде жазылатыноқылатын әріптік таңбалардың жиынтығы арқылы ойды жарыққа
</em>
<em>шығарудың, ақпарат алмасудың жүйесі болып табылады. Жазу
</em>
<em>– ауызша тілден кейін пайда болған адамзат ойлауының саналы жемісі. Жазу уақыт пен кеңiстiк шектеулiгiне тәуелсiз,
</em>
<em>адамдар арасындағы қатынас құралы ретiнде пайда болды деп
</em>
<em>түсіндірілгенмен, негізінен оның маңызы мемлекеттік құрылыс
</em>
<em>пен сауданың, мемлекетаралық саясаттың дамуына тіреледі
</em>
<em>екен, сонымен бірге оның маңызы тiлдi жетiлдiретiн,
</em>
<em>жүйелейтін, нормалайтын, ойжасайтын, бекiтетiн, сақтайтын
</em>
<em>қызметтерiмен өлшенедi екен.</em>
<em>Сонымен, жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе бүгінгі
</em>
<em>күн адамдарының санасында жазу-ойлау қатынасы және ойлаужазу қатынасы бар деген ойға келеміз.</em>
<em />
<em>Объяснение:</em>
<em />