Байындыр хан киімдерді қонаққа шақырады?
Қонақтарға арнап қандай отаулар тіктіреді?
Дерсехан қайда келеді?
Ханның жігіттері не деп жауап береді?
Дерсехан не істейді?
Тәтті, дәмді, тіл үйірерліктей, керемет
Культура закусывания-это есть в одном темпе, что бы еда была разной и полезной, нужно хорошо знать когда и в каких размерах есть. Человек должен брать энергию когда ест и использовать её правильно. Если человек будет переедать, то он может потолстеть и даже заболеть. Для своего же здоровья человек не обязан переедать. Есть еду мало тоже вредно. Кушать мало и ходить голодным нельзя.Это опасно. Для челов.-кого организма нужны жиры, минеральная соль. Так что, есть разную, полезную еду полезно. ДЛя челов.-кого организма потраченную энергию заполняет олезная еда. из за этого у нас дожлжн сохр.ться режим питания.Еду мы дожны употреблять каждый день во время, за 2 часа до сна мы должны обяз.-но покушать.
P.S. переводила сама, не использую переводчики.
Қазағым менің!
Мен саған ғашықпын, туған жерім. Сенің әр тауыңа, өзеніңе, ойығың мен қиығыңа, суыңа, жан-жануарыңа ессіз ғашықпын. Сол белестерде тұратын қазақ атаулы халықты да сүйемін! Бар бауырларымды, аға-қарындастарымды қадірлеймін, пір тұтамын. Бізді қорғап, жеріміз үшін күрескен батырлар мен қайраткерлерге махаббат деген бір төбе. Олар қандай батыл десеңші! Қазіргі тыныш өміріміз, ашық аспанымыз солардың арқасы ғой. Біресе жоңғарға қарсы, біресе оң жақтағы қытайға, біресе солтүстіктегі орысқа қарсы айқасқан біздің момын халықтың, айтар тарихы, паш етер құпиялары, сыр шертері өте-өте көп. Әй қазағым-ай, сол оқиғаларды үнемі есте сақтап, жүректе намыс пен рухты ұстап, тәуелсіздіктің құнын білгейсің!
Сауысқан мен көкек
Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек»,-деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:
-Екеуміз бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,-дейді. Көкек:
-Менің ұя салатын қуатым да, қаруым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер,-деп келіспейді.
Сауысқан көкектің көмегін күтпей-ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен тасалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды.Іші-тысын саз балшықтармен сылады. Кішкене бұтақтардан құрастырып, шағын қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі.Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай-қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі р-ды айта алмай, «керек» деудің орнына «келек, келек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үй-іші де жоқ. Жұмыртқасын кез-келген ұяға табады, оны басқа құстар басып, балапан шығарады. Шібилер жетім өседі.