12345532696489907427н03454567890--09754245667348
Жарық дүниеге келген әр адамның асыл тегі, өскен ортасы, қимас та қымбат ата мекені болатыны белгілі. Басқаны да түсінемін, алайда менің ата-мекенім әсіресе қымбат сияқты. Өйткені, ол әлем тарихына кірді, әлем картасында белгілеулі. Абай, Мұхтар, Шәкәрімдей ұлыларды дүниеге әкелгені өз алдына, адам баласын қырып-жоюға арналған алапат қарудың дүниеге келуі де менің ата-қонысым, Абай еліне, байланысты... Туған жердің топырағының табы табаныңа батқаннан бастап, оның бар қасиеті перзенттерінің бойына сіңірері шын, олай болса мына бір жүрекжарды сезім шапағатынан туған сырымды саған арнадым.Жетегіне қиял ойдың лезде ерем. Туған жердің тынбай алған тынысын, Осынау қасиетті, киелі өлкемнен аз уақыт болса да ұзап шықсам, өмірімнің бөлінбес бөлшегіндей сезініп, айрықша сағынамын, туған жерімнің өзіне тартар қуат-күшіне табынамын. Сол құдіретіне таңқалып, бір көргім келеді де турады. Өйткені, туған жер әрбір перзентін мәпелеп, мейір-қамқорлығын жаныңа құйған аяулы анаңдай. Түрлі ел мен жерді, қалалар мен ауылдарды аралап көріп жүрсем де, олардың барлығы менің осынау бір шағын ауылыма еш жетпейтін-ді. Мұндай мекенді мүлде көрмеген сияқты күй кешемін. Бәлкім, мен үшін солай шығар! Әлмисақтан бері қарай сенің көрмеген қасіретің жоқ шығар. Ақ қашып, қызыл қуған қырғынды, аштықты, Ұлы Отан соғысы кезінде ел басына түскен қиыншылықтың бәрін көрдің. Енді ғана бойыңды жазып, еңсеңді көтеріп келе жатқанда, төбеңді қара бұлт қайта басты. Қырық жыл ядролық қарудың зардабын тағы шектің... Міне, осының бәрі сенің көз алдыңда болған іс. Уақыттың қаншама зобалаңын көрсең де, аспанмен күмбезденіп таласып тұрасың-ау, қарт Дегелең! Алтын бесігім – ата-мекенімнің ұлылығы да осында шығар. Қайырым, қамқорлығы мәңгілік шексіз жерімнің өркені өсе түссе, менің де мерейім биіктей бермек. Құдіретіңнен айналайын, туған жерім!
Олар тамақ іздеп жатыр.Үй күрап жатыр.Тастан пышақ істеп жатыр . Пышақпен жануар сойды
Менің саябағым
сенің саябағың
сіздің саябағыңыз
оның саябағы
біздің саябағымыз
сендердің саябақтарың
сіздердің саябақтарыңыз
олардың саябағы
Синонимы:колбасшылар-басшы,шешуин-жауабын,бас игени-келискени,айлау керек-акылга салу
антонимы:колбасшылар-жетекши баскарушы,шешуин-шешбеуин,бас игени-бас изменения,ойлау керек-ойламау