Тура толықтауыш
Мағынасы мен тұлғасына қарай тура толықтауыш және жанама толықтауыш болып екіге бөлінеді. Табыс септік тұлғасындағы толықтауышты тура толықтауыш дейміз. Табыс септігінің сұрағына (к і м д і? н е н і?) жауап беретін сөз тура толықтауыш болады. Тура толықтауыш сабақты етістікпен ғана байланысып қолданылады. Мысалы: Тәңірберген жаз бойы теңіз жағасын торуылдап кетті. Қарт ана балаларын өлдіге қимайды. Еламан карт балықшыдан бұл ауылдың таяуда ауыр қазаға ұшырағанын есіткен-ді. (Ә. Нүрпейісов) деген сөйлемдерде теңіз жағасын (нені торуылдап кетті?), балаларын (кімді қимайды?), қазаға ұшырағанын (нені есіткен-ді?) сөздер мен тізбектер сабақты етістіктерге табыс септік жалғауы арқылы меңгеріліп, тура толықтауыш болып тұр
Таң ата салысымен мені анам оятады. ұйқымнан ояна сала мен беті қолымды жуып, тағы жаттығу жасаймын. Таңғы ас ішкенен кейін, сабақ киімдерімді киемін. Мектеп үйіме жақын орналасқан. Мектепке барар жолда сыныптастарымды кқр сала солармен бірге барамын.
Міне, қараша туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.
1.Алтын-күміс ақша ұстанған бай болған,бірақ өлікке кебін бермеген сараңдар бұл.
2.Мен үндемедім,бірақ өз пікірімде қалдым.
3.Дьяковпен де жерде тіл табысып кетерміз деп дәмеленіп еді,бірақ ол ойлағаны болмады.
4.Мәншүк екінші рет тағы айтайын деп еді,бірақ мылтығының шаппасы жүрмей тұрып алды.
5.Жоғары қарай өсе алмады,сонда да бұтақтары көп.