Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас, біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!!
Армысыздар, құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Бесіктегі баланың, күлгенін көрген - бір бақыт.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген – бір бақыт! – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектеріміз бүгін сіздер үшін бар өнерлерін көрсетіп, тағы да бір бақытқа кенелтпекші! Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып, қошеметтеп шақырайық 4 «б» сыныбын ортамызға! Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді. Осынау кішкене бүлдіршіндерге деген ақ тілек, ақ ниетін білдіру үшін ортаға мектебіміздің............................................. және ата - аналар атынан ата - аналар комитетінің төрайымы Құрақбаева Ұлбосын апайға сөз береміз. Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «б» сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бастарынан өткізген «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары, «Әнші балапан», «Қыз сыны», «Көктем аруы», «Кішкентай жігіт сұлтаны», «Күзгі балл», мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше, осынау балапандарымыз қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өздерінің 4 жыл бойы алған білімдері мен өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, ертеңгілігімізді бастайық! Көрініс: «Қош бол, сүйікті бастауышым!!» Ән: Армандастар! Азамат: Бала шаққа болашақты жырлатып, Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, Армысыздар, ұстаздарым қымбатты Ботагөз: Армысыздар әжелер мен аналар Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар Мадияр: Армысыздар өр тұлғалы әкелер! Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне бастауышпен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби - еркелер! Ардақ: Армысың сен, алтын ұя мектебім Саған айтар жыр - алғысым көп менің Жүректерге жаққан білім шырағын, Мектебіме арналады бұл әнім! Ән: Мектебім Қанағат: Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық! Айбек: Армысың сен алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағын, Мақтан етем сені мәңгі мектебім. Мектеп деген білім кені, жыр кені, Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға. Мектеп деген даналардың мекені. Бақыт: Мектебім - білім берер алтын ұям. Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. Баулыған 4жыл бойы ата - анамдай. Әрқашан қасиетті атың маған. Арада өтсе дағы дүркіреп жыл, Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Қыш бұйымдар жасауда шешуші кезең күйдіру болып табылады. Себебі пішінделген, өңделген саз балшық күйдіру арқылы ғана керамикаға айналады. Күйдіру барысында саз құрамында аса күрделі өзгерістер болып, оның жасанды силикатқа айналу процесі жүреді. Қыш бұйымдарды күйдіруде пеш құрылымы ерекше маңызға ие.
Керамикалық бұйымдарды ойдағыдай күйдіру үшін оларды пеш ішіне орналастыру аса жауапты іс. Осыған орай ыдыс арасына қоятын саймандар дайындалады. Олардың қалыпта алдын ала нобайы әзірленіп күйдіріледі. Мұражай қорында осындай үлгілердің бірі – жалпақ үш аяқты сепоялар мен боялған ыдыстарды күйдіруге арналған тиектер бар. Сепоялардың әрбір аяқтарының ұшында үштік шошақтар бар. Осы табанды сыр жағылған ыдыс бетіне тіркейді.
Кеселерді күйдіруге жайғастырып, оларды төңкеріп, табанды жоғары қаратып қояды. Араларына сепоялар үштіктерімен жоғары қойылады. Осындай үлгідегі сепоялар Мервте, Еділ бойында кездескен. Сепоялардың тағы да үш аяқты түрі ұшырасады, бірақ олардың үштік табандары жоқ. Бұл үлгідегі сепоялардың аяқтары түгелімен саусақпен қысу арқылы қырланып жасалған. Ыдыстардың жиегі осы қырға сүйенген. Мұндай сепоялар негізінен тік бойлы ыдыстарды күйдіруде қолданылған. Кесе жиектері күйдіретін пеш сөресіне тимеу үшін «сари» деп аталатын құрал жасалған. Бұлар қазіргі гүл өсіретін құмыралар тәрізді, пішіні кесілген конусқа ұқсайды. Кейбір үлгілеріне тесік орнатылған. Тесікті сарилер ішімен ыстық леп жүріп, ыдыстарды жақсы күйдірген. Ыдыстарды пеште орналастыруда қолдан жасалған тіреушелер (тиектер) қолданылған.
Сұр түсті керамика өндіруде күйдіру шешуші орын алады. Себебі керамика түсінің өзгеруі, ең алдымен, күйдіру процесіне байланысты жүзеге асқан. Мұндай керамиканы күйдірудің ақырғы сатысында пеш ішіне бықсып жанатын ылғалданған сабан, шөп, жаңа жұлынған бұтақ салынып, оның тесіктері тұтас бекітілген. Күйдіру процесінің соңында тасталынған бұл заттар бықсып жанады. Бұл аса сақтықты талап етеді, себебі мөлшерден тыс тасталса, ыдыстың бетін ала-құла етуі мүмкін. Бұл процесс уақыты жағынан да ұзаққа созылады. Сондықтан пештің толық суынуын күту қажет.
Мен өскенде және мектепті аяқтаған кезде, мен экономист болғым келеді. Әрине,<span>Мен жақсы экономикалық университетінде осы істеу керек. Қазір экономистер көп, бірақ өте аз жақсы экономист Дегенмен, мен солардың бірі болады. тауар биржасының, ақша: экономика кәсіп олар негізгі экономикалық ұғымдар болуы бастағанда, жүздеген жыл бұрын пайда болды. Өткен ғасырдың ішінде экономист функциялары айтарлықтай өзгерді және кеңейтті. Economist жинайды және өндірістік қызметі туралы деректерді талдайды, содан кейін ол табысты қанша бағалайды, және, сайып келгенде өндіріс технологиясының басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды. Сонымен қатар, ол қызметкерлердің жұмысының нәтижелерін бағалауға біледі. Және т.б. экономистер шарттық және талап қою жұмысы, логистика, маркетинг,: басқа да экономикалық функциясы бар Ең алдымен, экономист болғысы келеді Кез келген сүйемін және математика жақсы болып табылады. Сонымен қатар, экономист жұмыс дәлдігі мен дәлдігін талап етеді, және ол компанияның мүдделерін қорғау үшін жиі қажет, себебі, ол принципті және адал адам болуы тиіс. Экономист болғанға дейін, мен экономика, статистика, қаржы және банк ісі негіздерімен теориялық негіздерін зерттеді. Сонымен қатар, экономист-ақ ол жұмыс істеуге бар кәсіпорынның ерекшеліктерін білу керек</span>
<em>Қазір күз мезгілі. Күз мезгілдері:қыркүйек, қазан,қараша. Күзде күн суытады, жаңбыр жиі жауып тұрады.Суық жел соғады.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді күзде бақтар піседі.жемістермен көкөністер піседі. Бұл мезгіл маған қатты ұнайды.</em>