1 қыран бүркіт- бұл ертеден келе жаткан киелі,жыртқыш құс.
2 қыран құс еліміздің ұлттық туында бейнеленген.
3 қыран құс аңшылыққа келгенде өте бағалы құс болғандықтан елімізде бұл құс жеті қазынаның бірі болып саналады
4 қыран құстың қанаты 2метрге жетеді көзі қырағы суыққа төзімді құс
Астана қаласы-Қазақстан Республикасының астанасы.Ол Сарыарқаның төрінде орналасқан.Астананың символы-Бәйтерек.Бәйтерек-әсем және биік ғимарат.Астанада зәулім ғимараттар салынып жатыр.Есілдің сол жағалауында Елбасының Резиденциясы-Ақ Орда,Парламент,Қорғаныс министрлігі,Ішкі істер министрлігі,т.б. ұйымдар мен мекемелер орналасқан.Астанада біздің еліміздің ұлы тұлғаларының-Абайдың,С.Сейфуллиннің,Төле,Қазыбек,Әйтеке би және т.б. ескерткіштері бар.Астана күннен-күнге гүлденуде.Астананың болашағы зор.
1. Мемлекеттік рəміздер.
2.Казақстан Республикасы.
3.Елтаңба.
4.Əнұран
Жоспар:
1)Жамбыл Жабаевтың бала шағы;
2)Жамбылдың шағармашылығы;
3)Соғысқа арналған өлеңдер;
Жамбыл Жабаев Теріскей Алатауының Солтүстік бөлігінде, 1846 жылы ақпан айында Хан, Жамбыл тауларының етегінде туған. Ол кедей отбасында дүниеге келгендіктен, балалық шағы кедейлік пен жоқшылықта өтеді. Кішкентай кезінен басқа кедей балалары сияқты Жамбыл да байдың малын бағумен өткізді. Балаларын мектепте оқытып, білім беруге ата-анасының жағдайы болмады.
Жамбыл атамыздың көп шығармалары саяси тақырыпқа арналған, Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды өлеңдерімен Ұлы Жеңіске үлес қосты. "Ленинградтық өренім" атты өлеңінің аудармасы радио арқылы қала тұрғындарына таратылып, жеңістің ұранына айналды, көшелерге, үйлердің қабырғаларына жазылып ілінді. Ленинград қаласының тұрғындары үшін ұлы Жамбылдың орны ерекше. Жамбыл атында облыс, аудан, көше, мұражайлар бар.