Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым!..
Ия менін отбасымда кітапқұмар адамдар бар. Мен де өзім сондаймын ,күні бойы мен кітап оқып отырамын№ Мысалы ең соңғы оқыған кітабым "Евгений Онегин" -деп аталады№ Өте қызықты кітап ,ал ертен мен Пушкиннін "Пиковая дама" деген кітабін оқуға бастаймын.
Ғаламторға, оның ішінде қоғамдық желілерге тәуелді жастар ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша осы әуестігі нәтижесінде өзіне деген сенімділігін жоғарылатады екен. Психологтар қоғамдық желілер арқылы танысып, тілдесу адамның батылдығына, өзіне беретін бағасына әсер ете алады, ол көрсеткіштерді жақсы жаққа қарай өзгертеді дейді.
Алайда мамандардың айтуынша қоғамдық желіге құмар жандар күнінің көп бөлігін компьютердің алдында отырып өткізеді. Сол себепті олар артық салмақ жинағандарын да байқамай қалады екен.
Тағы бір қызық жайт: компьютер мен ғаламторға әуес жандардың банкротқа ұшырап, бар жиғандарынан айырылу мүмкіндіктері жоғары екен.
Зерттеулерге мүлдем компьютер қоспайтын, қоғамдық желілерді бірнеше сағат және күні бойы отыратындар да қатысты. Нәтижелер қуантпады: ғаламторға тәуелді болғандардың басым бөлігі компьютердің алдында тамақ пен газдалған сусындармен отырады. Сондай-ақ, неге екені белгісіз, компьютер алдында бар уақытын өткізетіндердің кредиттері бойынша қарыздары және басқа да ақшалай қиындықтары көбірек.
Сонымен, ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келе алады дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де жасырмайды.
Жаңа ғасыр дерті ғаламторға деген тәуелділік.Қазіргі жас ұрпақ бос уақытының бәрін осы ғаламторда өткізуде.Ғаламтор өзінің жылдамдығымен,арзандығымен,ауқымдылығымен ерекшелінеді.Ғаламтордың қоғамға деген берері көп.Мысалы:электронды сауда-саттық,интернет телефон-хабарласу,әңгіме-дүкен,электронды жіберілім,қашықтықтан білім беру т.б.Ғаламтор арқылы шет елдермен тікелей байланыс орната аласың.Қарап тұрсақ ғаламтордың қоғамға берер пайдасы көп сияқты.Бірақ пайдасы мен қоса зияны да қатар жүретін ғаламтор жас ұрпақты өзіне тәуелді етуде.Тәуелділіктің кесірі неге апарып соғарын өздеріңіз де айқын білерсіздер.Бұл сауатсыздылыққа,тәуелділікке,құмар ойындарға, көз жанарымыздың айырылуына, ойлау қабілетінің төмен болуына т.б әкеліп соқтырады.Әр нәрсенің пайдалы әрі зиянды жағы бар.Иә,ғаламтор қажет бірақ өз орнымен пайдалану керек.Ғаламторға тәуелділіктің соңы жақсылыққа апармайды.
Кітап алтын қазына ,
күш білімде, білім кітапта