Ответ:
Объяснение:
1. М. Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде өмірге келген.. ОЛ жастайынан өте зеректігімен көзге түскен және ол 4 жасынан хат таниды.
2. ОЛ 5 жыл бойы Қызылжардағы М.Бегішев атындағы медреседе оқиды және бұл медресені 1910 жылы бітіреді.
онымен қатар, ол 1910-1913 жылдары Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқиды. М. Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түсіп, 1916 жылы оны медальмен үздік аяқтайды. 1923-1927 жылдары Мағжан Мәскеу қаласындағы жоғарғы әдеби- көркемөнер институтында оқиды.
3.1912 жылы Қазан қаласында ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен "Шолпан" атты тұңғыш жинағы басылып шығады.Ақын 1938 жылы халық жауы деген "үштіктің" шешімімен жазықсыз атылады.
Ол қазақ әдебиетін орыс, Европа әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білуі "Батыр Баян", "Қорқыт", "Оқжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", "Ертегі" т.б. сияқты тамаша поэмалар тудырды.
4. Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім.