Маған əкем сыйлық сыйлады.Анель əдемі сурет салды.Ауданда эстетикалық пəндер бойынша жарыс болды.
Найман-Ана
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтыматов - Қырғызыстанның халық жазушысы,коғам қайраткері.Оның қаламынан әдебиетімізден ойып тұрып орын алар шығармалар туды.Солардың бірі - "Боранды бекет" романы.Ал көптің жанына қаяу салар Найман-Ана туралы аңыз - соның бір үзіндісі. Бұл аңызда Дөненбайдың ұлы Жоламан мәңгүртке айналады.Ал Найман Ана өз ұлын тауып өз үйіне қайтармақшы болады.Дегенмен Жоламан анасын танымағандықтан өз еліне бармай, қожайындарының жалған сөзіне сеніп өз анасын өз қолымен өлтіреді.Найман-Ана - бар аналардың смиволы,қайсар жан.
Оқиға желісі Сарыөзек деген жердегі Ана-Бейіт деген мазардың тарихынан басталады.Сол Сарыөзекті басып алған жуан-жуандар қол астындағыларды адам төзгісіз азапқа салады екен.Менің сөзіме романның: «..Ал енді жуан-жуандардың қолында құлдықта қалған тұтқындардың күнін құдай көрсетпесін. Жуан-жуандар ондай құрбан құлдардың басына кепеш кигізіп, айуан азаппен ақыл-есінен айырады екен,»-деген үзіндісі дәлел бола алады.Найман Ананың жалғыз баласы осы азапқа душар болған еді.Бірақ үмітін үзбеген ана жас мәңгүрт деген менің жалғызым ба деп іздеуге шығады.Аңыздың: «Е, құдая, сол бейшара мәңгүрт басқа біреу емес, тек менің ұлым болса екен деп зарыға, зарлана тіледі. Мәңгүрт тұрмақ, тағы бір бәле болып кетсе де, тек менің ұлым болса екен...»-деп ананың бар жанымен тілеуінен оның баласының қандай болса да жанында қалуға ,қиыншылықтардан қорықпайтын батыл жан екендігін көреміз.
Әрине,баласының мәңгүрт болса да тірі екендігіне көзі жеткен ана оны елге қайтаруға тырысады.Алайда онысынан түк те шықпайды.Баласын иландырудың бар тәсілін қолданған Найман-Ананы Жоламанның өз қолымен атуы көзге жас әкелмей қоймайды.Оны шығарманың: «...Құлап түсерден бұрын басындағы ақ жаулығы ұшып кетті де, лезде құсқа айналаға, аспанды шарқ ұра шырылдап: "Ойланшы, кімнің баласысың? Атың кім? Атың кім? Сенің әкең Дөненбай! Дөненбай!.." - деп зар қақсады,»-деген үзіндісін оқып-ақ көзімізді жеткізіп,ауыр мұңға бет аламыз.
Қорытындылай келе айтарым,бұл шығармадан біз ананың жан айқайымен қатар өткен тарихты да біле аламыз.Туындыны оқыған адамның санасында мен жүрегінде үлкен орын қалатыны анық.Әлбетте,қазіргі таңда мұндай зұлымдықтар,әділетсіздіктер кездеспейтіні кімді де болсын қуантпай қоймайды.
Город Семей (Семипалатинск), является одним из самых красивых городов Казахстана. Семей расположен на двух берегах Иртыша, которые соединяются несколькими мостами. Красивые современные проспекты и уютные узенькие улочки, высотные сооружения, небольшие особняки, памятники культуры и архитектуры, удобные домики в дачных поселках, красивейшие фонтаны, уютные, полные зелени скверы и парки, музыка вечеринок на набережной Иртыша и в различных ночных кафе, перезвон церковных колоколов и пение муэдзинов по утрам - это портрет современного Семея.
Посетив Семей (Семипалатинск), Вы будете приятно удивлены прекрасным сервисом, современными гостиницами, множество ресторанов, кафе, баров с изысканной кухней, биллиардными клубами, казино, спортклубами, современные услуги связи удовлетворят самые взыскательные вкусы и сделают пребывание в Семее приятным и незабываемым.
<span>Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі</span><span>ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. VII-VIII ғасырларда жазылған, Орхон және Енисей өзен бойларында табылған.
Енисей жазбаларының жалпы саны – 85 айналасында. Олардың ішінде кіші-гірім жазбалармен қатар ірі мәтіндер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады.
Түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер.
Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған.
Орхон жазуының мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Биіктігі -3,5 метр, төменгі ені -1,32 метр, жоғарғы жағының ені –1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы, қалған қабырғасы бірдей көне түркі жазумен толған. Жырлары түркі ұлтының тарихымен Күлтегіннің батырлығын бейнелейді. Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Ескерткіштің моделінің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.</span>