ҚАЗАҚ ТIЛI
Күш кемiдi, айбынды ту құлады,Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсендеҚан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құсты қос қанаты қырқылды,Күндей күштi күркiреген ел тынды.Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды! Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа<span>Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
</span>
Алмаға,көзге,мысықты,көбелекті,ешкіге,шиені,сиырға,жылқыны.
Ответ:
менің қуыршағым біздің қуыршағымыз
сенің қуыршағың сендердің қуыршақтарың
сіздің қуыршағыңыз сіздердің қуыршақтарыңыз
оның қуыршағы олардың қуыршақтары
Объяснение:
Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас.
Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Тот түсті-
Төрт түсті жер үсті.
Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ ,
Жаңғақтай-ақ домалақ.
Өзi ащы,
Бiрақ,
Дәмдi етер асты
Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген?
Мұз сынды түрi,
Тәттi дәмнiң бiрi.
Қос басы жұмыр,
Жiңiшке құбыр,
Iшiне жиған,
Дәмi де шымыр.
Ақ отаудың есігі де жоқ,
Тесігі де жоқ.
Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ.
Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар.
Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім.
Көк лағым көгенде тұрып семіреді.
Тасбақалар (лат. Testudines) – бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.
Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті-мүйізді не сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Карапакс теріден дамыған сүйек тақташықтарынан тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа қанаттары және қабырғалар бекиді. Пластронның тақташықтары бұғана мен құрсақ қабырғаларынан құралған. Екі сауыттың біріккен жері тарамыс сіңірмен қозғалмалы түрде не сүйектері кірігіп жалғасады. Екі сауыт арасынан Тасбақалардың басы, мойны, аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде бұларды сауыт ішіне жиып алады. Көру, иіс сезу органдары жақсы дамыған, нашар естиді. Жақтарында тістері болмайды, иегінде тұмсық тәрізді мүйізді қабыршақтары бар. Құрлық Тасбақалары негізінен өсімдік қоректі; тұщы су Тасбақалары балықтармен, қосмекенділермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Тіпті бірнеше айдай қоректенбеуі де мүмкін. Құрлықта шағылысады (бір немесе бірнеше жүз жұмыртқа салады). Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Кейбір түрлері жылына 3 рет, кейде одан да көп жұмыртқа салады. Шар немесе эллипс тәрізді жұмыртқаларының сырты әктасты қабыршақпен (құрлық тасбақаларында), не терілі жабынмен (тұщы су тасбақаларында) жабылған. Инкубация кезеңі көпшілік түрінде 2 – 3 ай (піл тасбақаларында 6 – 7 ай). Табиғи жағдайда 150 жылдай тіршілік етеді.