ҚАЗАҚ ТIЛI Күш кемiдi, айбынды ту құлады,Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсендеҚан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құсты қос қанаты қырқылды,Күндей күштi күркiреген ел тынды.Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды! Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа<span>Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны болады.Пайдалы жақтарын айтсақ,ғаламтордан іздегеніңнің бәрі шығады.Достарыңмен,туыстарыңмен байланыста боласың.Ал зиянын айтар болсақ,компьютерде түрлі сайттар бар.Олар адамдарды арбайды.Тағы,ғаламторда күні бойы отырған адамдар жақындармен жақсы қарым-қатынаста бола алмайды.