Мая-мая. ірі-ірі. жалтық-жалтық. аз-аз. сауда-сауда. үйір-үйір. жиә-жиә
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Қазіргі заманның баларына бүкіл жағдай жасалған. Неге десеңіз мына дүрбелең заманда техниканың дамыған заманында неше түрлі гаджеттер, неше түрлі смартфондар қолданыста . Бұл техникаларды тиімді қолданса нұр үстіне нұр болады. Дегенмен менің ойымша осы кезде кітап оқу ұмыт қалып бара жатқан сияқты. Қазіргі заманда балалар не ішем, не кием деп ойламайды, құдайға шүкір басымыздан соназ 1933 жылдары ашаршылықты да 1942 жылы Ұлы Отан Соғысын да, 1986 жылы Желтоқсан оқиғаларын бастан кештік, Мен сол заманды тоқырау заманы деп айтар едім. Ол кезде бір бөлке нанды да талонмен беретін еді. Ал қазір жастарға да недеген салалардың есігі ашық тек қана білімді азамат болсаң болды және ұмтылыс керек. Өткен заманмен салыстыруға тура келмейді. Бұл заманның баларға да мүмкіндіктері орасан деп айтар едім тек білім аып өз заманыңның озығы болу үшін әр адамның харизмасы мықты болу керек сияқты
Қазақ тілі сабағында мұғалім бізге жаңа тақырып үйретті.Бізге ереже жаттаттырып,сол тақырып бойынша әңгіме құрастырдық.Сабақ үстіңде балалар шулаған жоқ. Себебі сабақ өте қызық болды. Арасында ойын ойнадық. Мұғалім бізге әдемі жазуды үйреткен болатын.Біз ережені тез жаттадық.Содан соң оны мұғалімге жатқа айтып бердік. Мұғалім бізге риза болды. Содан соң мен шағын әнгіме құрдым. Мұғалім тексеріп, баға қойды. Үйге мәтінді көшіруге берді. Сабақ балаларға қатты ұнады.