Сенің үйің қай жерде?
Менің үйім қаланың шет жағында орналасқан.
Сенің үйің үлкен бе?
Ия, менің үйім үлкен, жақында тұрғыздық, келіп қонақ болсаңшы.
Жарайды, ертең келемін.
Өте қуаныштымын, сенің менің үйіме келетіндігіңе, күтемін.
Менде әртүрлі киімдер бар. Және де менің киімдерім таза әрі әдемі !
Мендегі киімдердің ішінде : Женпыр , шалбар , шұлық және тб
Қымбатты досым, біздің отбасымызда үлкен жаңалық болды, кішкентай сәби дүниеге келді. Сол қуанышымызбен өзіңмен бөліскенше асығып, осы хатты жазып отырмын. Інімнің атын азан шақырып, Азамат қойдық. Оны үйге алып келген күні, үйде дәстүр бойынша інімнің құрметіне шілдехана жасалды. Оған көптеген ағайындар жиналды. Шілдеханаға жиналғандар ақ тілектер айтып, інімді көргісі келгендер көрімдік берді.
Досым, міне мендегі жаңалықтар осындай, жақсы сау бол!