Адамга акыл беретин дос - адал дос.
Анама алғыс! Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде. Еңсесі түзу жан болар ма едім? Құба талды бесігін тербетпегенде. Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа Қуанышы тасыған еңбектегенде. Әкеме алғыс! Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей. Өмірімде бөрідей болуға баулып Қойынына басатын бөлтірігіндей. Бақытым болар жырымды жария етсем Әуелеген әкемнің еркін үніндей. Ағаға алғыс! Ұзай кетсем ойлайтын қамымды менің. Бір бәлеге тап болса құрсақтастарым Қапсырмалап,қысатын жанымды демім. Бауырларым болмаса тірегім болған Осыншама айбатты,арынды ма едім?! Әпкеге алғыс! Нұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым. Анамыздан айнымай туылғаннан ақ Иесіне айналған әдемі үміттің. Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі Белгісі болып жаралған әдеміліктің. Ініге алғыс! Жалғасы болып өмірдің тұратын күліп. Деп жүреді:"Ардақтап көтеремін мен Атамыздың аманат,мұратын биік" Қиындыққа кезіксе соққы болатын Менің жаным ол үшін тынатын күйіп. Ұстазға алғыс! Бағым жанып,батылмен бел асқаныма. Төзіндіріп өмірдің талаптарына Ниеттеген арманның ең асқағына. Арқасында ұстаздың даналар баққан Ой-өрісім бұл күнде тең аспаныма. Сүйгенге алғыс! "Үйленуге біздерге ерте" деп маған Айтып жүреді,керемет күндер тілейді Шығыс жақтан ңұрланса ертелеп далам. Көздерінде бар әлем әрленіп қалып Күлімсіреп тұрады еркелеп маған. Досыма алғыс! Бірге қарсы шығатын қиындықтарға. Ең бақытты ер болып жүретін едім Қысылғанда достарым күйімді ұққанда. Көтеретін еңсемді егіліп,талсам Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда. Еліме алғыс! Балаң едім батаңмен жанатын бағы. Нәтижесі тілектің өзіңнен туған Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны. Қол жеткізіп еліме тарту етемін Биіктікті қыранның қанатындағы. Өмірге алғыс! Өнегеңді түсіндім бар күшімменен. Айналайын,тағдырым, қасиетіңнен Келіп тұрар бетіме қарлы шыңменен. Шабыттанған жаныма жауап қатқайсың Ей,өмірім,алғысқа- алғысыңменен!!
Қысқы демалыс маған өте ұнады, мен уақытымды жақсы өткіздім: далада көп серуендедім, коньки тептім, әжеме қонаққа бардым. Бірақ, мен тек ойнаумен және көңіл көтерумен шектелген жоқпын. Демалыста мен бимен айналыстым, сондай-ақ, ата-анаммен бірге Шучинскке демалуға бардым. Менің қысқы демалысым маған өте ұнады.
Менің отбасым
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.