Тоқтар Аубакиров Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері.
Телефон-автоматтардан кейін ұялы телефон болды.
Жалқы есім — жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі. Жалқы есімге адам аттары антропонимдер), географиялық атаулар (топонимдер), діни атаулар (теонимдер), жануарлар атаулары (зоонимдер), аспан денелерінің атаулары (астронимдер), тарихи уақиғалармен байланысты мезгіл атаулары (хрононимдер), рухани нысандар атаулары (идеонимдер) т. б. жатады.
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкенісын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.
Менің ағам/ Біздің ағамыз
сенін аган /сендердін агаларын
<span>сиздин аганыз/сиздердин </span>
агаларыныз
<span>онын агасы/олардын агалары</span>
Адам қалай ойлайды?
Адам баласы өзінің айналасындағыларға, басқаларға деген көзқарасын, ниетін өзгертсе, олардың да бұған деген көзқарасы өзгереді. Адам өзінің ой-пікірін, ниетін өзгертсе, оның өзінің материалдық жағы да өзгереді. Яғни тағдырымыз өз қолымызда. Адамның қол жеткізген жетістіктері- оның өзінің ойы мен ниеті арқылы жоғары көтеріліп, жеңіске жетеді.Ал ойы мен ниетін жақсылыққа бағыттай алмайтын адамдар бақытсыз болады. Сондықтан да өз бақытымыз үшін күресейік. Алдымен өзімізбен күресуді оптимистікойдың негізінде жүзеге асырайық. Ол үшін мен сіздерге өзім орындайтын бағдарламаны ұсынамын. Оның аты"Дәл бүгінгі күннен бастап" деп аталады:
- дәл бүгіннен бастап "Мен бақыттымын" деген сөзді басшылыққа аламын;
- дәл бүгіннен бастап мен өзімді қоршаған ортадан тек қана жақсылық іздеймін, ойым мен ниетімді жақсылыққа бағыттаймын;
- дәл бүгіннен бастап мен өзімнің денсаулығым туралы ойлана бастаймын. Денешынықтыру жаттығуларын жасап,үсті басыма күтім жасаймын.Дұрыс тамақтанамын,өз денсаулығыма зиян келтірмеуге тырысамын;
- дәл бүгіннен бастап мен өзімнің ой өрісімді кеңейте бастаймын. Білімімді толықтырамын.Миымды жаттықтырамын, ой қозғауға күш беретін кітаптар оқимын;
- дәл бүгіннен бастап барлық адамдарға достық ниетпен қараймын. Мүмкіндігінше, өзіме жарасатынкиім киіп, адамдармен дауыс көтермей сөйлесем, ешкімді сынамауға, ешкімге тиіспеуге, ешкімді басынбауға тырысамын;
- дәл бүгіннен бастап мен өз істерімді жоспарлап, әр күн сайын не істейтінімді жазып отырамын. Мен дәл осы жоспарым бойынша жазылғандарды жүзеге асыра алмауым мүмкін, бірақ мен оны жасап қоямын. Бұл маған екі жаман істен асығыстық пен шешімсіздіктен арылуға мүмкіндік береді;
- дәл бүгіннен бастап мен бақытты болудан, әдемілікке сүйсінуден және сүйікті болудан қорықпаймын. Мен жақсы көретін адамдардың мені де жақсы көретініне сенетін боламын.
Егер де сіз бен біз осы бағдарламаны ұстансақ, өміріміз тынышталып, өзіміз бен және айналадағы адамдармен қарым қатынасымызадамдармен қарым қатынасымыз ізгілікке, сүйіспеншілікке құрылатыны сөзсіз.
Джеймс Лейн
Осыған ұқсатуға болады.
Пысы-өзінің көркемділігімен таңқалдырды
Сібер - өркекірек тәкаппар деген мағынаны білдіреді
Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы - Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой... Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, - деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғаған. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып олар қарындас» - деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздардың қазақта болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді. Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміз – қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлаған хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың халқымызға тән шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесін, батырларымыздың ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады. Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі турала тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді. Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. Ханның басы қанжығада кете барды... Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп, ұранға айналдырғаны мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда ол есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап, сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері белгілі. Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екні сөзсіз.
<span>Дереккөзі: </span>https://www.zharar.com/kz/shygarma/6554-el.html#read
<span>© www.ZHARAR.com</span>