Атау септік- не? бата.
Ілік септік-ненің? батаның.
Барыс септік-неге? батаға.
Табыс септік-нені? батаны.
жатыс септік-неде? батада.
Шығыс септік-неден? батадан.
Көмектес септік-немен? батамен.
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
<span>«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. </span>
<span>Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!</span>
Арғымақ аттың баласы
Аз оттап, көп жусайды.
Асыл ердің баласы
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
2.Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай өара,
Он бесқа дейін қосшыңдай сана.
Он бестен асқан соң досыңа бала.
3.Күйеу- жүз жылдық,
Құда- мың жылдық.
4.Кең болсаң, кем болмайсың.
5.Бір ауылда мың туысың болғанша,
әр ауылда бір туысың болсын.
6. Қойшы көп болса, қойлар арам өлер.
Астанадағы Тунғыш президент муражайы ен керемет муражайларынын бірі.Ол муражай өте улкен.Онын ішінде біздін ел басымызға катысты барлык нарсе бар.Муражайдын ішінде бала кезіндегі суреттері онын өмірі туралы мағулматтар көп.Онын аумағы 12мын шаршы километр.Ол жерде басқа мемлекет президенттерінін берген сыйлығы,марапаттары бар,біздін еліміздін спортсмендерінін медальдары бар.
Ежелгі Тараз қаласы І-ХІХ ғғ. Жамбыл облысы, Тараз қаласының орталық базары аумағында орналасқан. Қалашық қазіргі Тараз қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Оның аумағында (қамал, шахристан) Орталық рынок орналасқан. Оның маңайын қала үйлері алып жатыр. 20 ғ-дың бас кезінде ұзын дуалдар төңірегінде отыздан астам төмпешіктер-қорғандар, қоныстар, некропольдер қалдығы бар еді. Қазіргі кезде олардың бәрі тегістеліп, үйлер салынған. Сүлейманов көшесінің батыс бөлігіндегі төрткүл және телеорталық ауданындағы қоныс, сондай-ақ қаланың солтүстік шетіндегі ұзын дуалдардың жекелеген бөліктері сақталынып қалды. 1867 ж. қалашықты П.И. Лерх зерттеді. 1893-94 жылдары Талас даласындағы ескерткіштермен бірге Әулиеата аумағындағы қалалар ескі орнын В.В. Бартольд қарап шықты.