Ответ:
Бүгінде Астанада сәулет өнерінің жауһарлары: «Ақорда», «Бәйтерек», «Хан Шатыр», «Қазақ елі монументі», «Мәңгілік Ел» аркасы, зәулім ғимараттар, елшіліктер бой көтерді. Мемлекет үшін маңызы мол шешімдер қабылдайтын Астана бүгінде – елдің айнасы, ұлт келбеті, еліміздің кіндік қаласы саналады. Батыс пен Шығыс өркениетін жалғастырған елордада ЕҚЫҰ саммиті, VІІ Қысқы Азия ойындары, Астана экономикалық форумы, әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съездері өтті. Әсіресе, былтыр өткен “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесі Астананың әлемдік аренадағы беделін айрықша биіктетті.
Объяснение:
Астана қаласы бүгінде елдің келбеті, Қазақстанның символы ретінде қалыптасып кеткен. Сондай-ақ, қала өркениетінің даму деңгейі 20 жылдық тарихымен салыстыра қарағанда, өте жоғары. 1997 жылы ел астанасын Алматыдан Ақмола қаласына көшкенін, араға бір жыл салып, Ақмоланың атауы Астана болып өзгергенін барлығымыз білеміз. Осы өзгерістерге Елбасының қол қойғаны күні кеше ғана сияқты еді. Міне, биыл Елордамыздың 20 жылдық мерейтойын тойлаудамыз. Замана тынысымен бірге тыныстаған Астана Тәуелсіз Қазақстанның даму көшіндегі барлық жетістіктерінің куәсі.
Астана қаласы қазіргі кезде әлемнің ең жылдам дамыған қалаларының қатарына енеді. Бұл – әділ шешім, әділ баға, сондай-ақ, бас шаһарымыздың жетістігі.
Елорданың алғашқы қадамы үлкен шерумен басталып, бүгінге дейін сол дүбір жалғасып келеді. Халықаралық ұйымдардың түрлі саммиттерін, спорттан Қысқы Азия ойындарын қабылдаған көркем қаланың абыройы асқақ бүгінде.
Астананың 20 жылдық мерейтойында қала тарихындағы атаулы кезеңдерге жеке-жеке тоқталып өткеннің айыбы жоқ. Бұл мәртебелі әрі кеуде керіп мақтануға тұратын дүние. Сонымен, Елорданың төрінде сән-салтанатымен өткен әлемдік көлемдегі шараларға кезек берелік.