Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы Ие осы арқылы адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. «Әрбір сәби әу баста мұсылмандық сипатпен дүниеге келеді, кейіннен оны ата-анасы яхуди, христиан немесе мәжуси етеді» деген хадис мұның дәлелі. Демек, әрбір сәби дүниеге алғаш келгенде мұсылмандыққа жақындық танытқанмен, кейін өскен ортасы оны өзіне бейімдетіп кетуі мүмкін.
Адамдағы сана-сезім мен қарым-қабілеттер әр алуан. Жаратушы Аллаһ тағала адам бойына осыншалық қабілеттерді белгілі бір өлшеммен тиянақтап орналастырған. Негізгі мәселе, жаратылыстан бар осы қабілеттерді дұрыс ұштап, тәрбиелей білуде. Мәселен, әр адамның бойында өзін-өзі басқару қабілеті бар, осы қабілетін шыңдай білген адам барша тіршілік иелерінен басып озып, тіпті періштелерді де артта қалдырады. Сондай-ақ адамда «раббани латифа» немесе Ғазалиша айтқанда «маад ақыл» деген бар. Оны тура қолданған адам материалдық әлемнің тысындағы ғайып әлеміндегі тылсым дүниелерді көріп, ғайыптан сыр аулайтын қасиетке қол жеткізеді. Бұған қоса, адамға «мааш ақыл» деп аталатын осы дүниені терең сезінуге, түйсінуге мүмкіндік беретін ақыл да берілген.
Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім, «раббани латифа» сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе кәміл адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады.
Мұндай қасиеттерге қол жеткізген адам баласы бойындағы тән құмарлығын ақ некеге көндіріп, адал жолмен ұрпақ өрбітер болса, «Үйленіңдер, көбейіңдер! Махшар күні өзгелердің алдында мен үмбетімнің көптігін мақтаныш етемін» деген хадиске сай амал жасап, ақыретте сауапқа кенеледі. Хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл хадисі «Мен адал жолмен, ақ некемен туылған үмбетімнің көптігімен мақтанышқа кенелемін. Өйткені олар (осындай отбасылар) үмбетімнің санын молайтатын берекелі шаңырақ іспетті олар тәухид сеніміндегі мүминдерді «тәрбиелеп өсіреді» дегенге саяды.
Мәселеге осы тұрғыдан келгенде ғана нәпсі толықтай ерікке мойынсұнады. Пайғамбарымыздың «Әркімнің бір шайтаны болады, менікі бірақ өзіме бағындырылған» деген хадисінде «Жамандықты қалап тұратын нәпсім өз еркімнен тыс ештеңеге бара алмайды» дегенді айта отырып, нәпсіні тізгіндеу адамның өзіне ғана байланысты екеніне және құрықталған нәпсіден зиян келмейтініне назар аударады.
Адам бойындағы жаман қасиеттердің бірі – бірбеткейлік. Өзгенің дегеніне көне қоймайтын бірбеткей мінезден туатын көптеген ерегестердің арты үлкен ұрыс-төбелес, дау-дамайға, тіпті адам өліміне дейін апаратынын көз көріп, құлақ естіп жүрген жайт. Алайда бірбеткейлікті ақиқаттан бет бұрмауға тәрбиелей білген адам туралықтан таймайды. Тіпті мансапқұмарлық, шенқұмарлық, жалқаулық тәрізді қасиеттер де оны райынан қайтарып, теріс жолға еліктіріп кете алмайды. Ондай адам пайғамбарымыздың сүннетінен сусындаған мұсылмандық тәрбиеге беріктік танытады. Нәпсіге тән бірбеткей мінезді осылай тезге салғанда ғана ол тура жолда табандылық таныту, ақиқатқа бас ұру тәрізді ізгі қасиеттерге кенеле түседі.

0
0