Бүгін жарыстарға екі команда бәседі Арыстандар деген командасы және жеңіс деген командасы.Жас қыздар ойнайды.оларға 15-16 жас.Финал бугін өтеді
там с ошибками сам исправишь)
А.с не? шырша
І.с ненің? шыршаның
Б.с неге? шыршаға
Т.с нені? шыршаны
Ж.с неде? шыршада
Ш.с неден? шыршадан
К.с немен? шыршамен
Кажется правильно
Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін! Ал мектепке келгенде бізді екінші анамыз – ұстазымыз Сәния Дүйсенбекқызы қарсы алады. Ол кісі жылы қабағымен қарсы ала отырып, бірден қатаң бақылауға алады. Әртүрлі мерекелерде біз қызықты ойындар ойнап, би билеп, ән саламыз, ертегі кейіпкерлері болып ойнаймыз. Сурет, би, хор үйірмелеріне қатысамыз. Сәния, Дәмелі ұстаздарымыз өте мейірімді жандар, біз ол кісілер мектептен қалмаса, ауырмаса екен деп ойлаймыз. Жазғы демалыста мұғалім бізді мұражайларға, қалаға серуенге, кинотеатрға алып барды. Біздің сыныпта Айнұр, Замира, Фатима деген қыздар бар. Олар әр түрлі мінезді, өнерлі. Наурыз айы - мереке айы. Біз Аналарымызды, апаларымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қуаныш тілейміз
Қазақ халқының салт- дәстүрлері.
Әр халықтың өз салт-дәстүрлері бар, ал енді қазақ халқының салт-дәстүріне тоқталатын болсақ: нәресте дүниеге келгенде, шілдехана жасалады, нәрестеге қырық күн толғанда қырқынан шығарып, шаш, тырнақтарын алады. Онан әрі бесік той, ұл балаларды сүндетке отырғызу.
Екі жас үйленерде құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру. Міне, осының бәрі атадан балаға беріліп келе жатырған салт-дәстүрлер.
Менің ең сүйікті әншім мен кино актерларым бар. Мен оларды жан тәніммен жақсы көремін. Олардың әні шықса бірінші болып тыңдауға тырысамын. Ал жаңа киносы шықса ең бірінші қараймын. Олардың фотоларын жанымда ұстаймын. Менің ең сүйікті әншім бұл қазаққа аты шыққан Қайрат Нұртас. Оның барлық әні хит. Мен оны сүйіп тыңдаймын. Патриоттық әндеріне күніне 1 рет болсын тыңдауға тырысамын. Ол қазақ мақтанышы, қазірдің өзінде Қазақ елін сырт мемлекеттерге таныстырып жүр. Ол әр қырынан танылуда. Ал сүйікті актерге келсек ол әрине Ануар Әлімжан. Ол тек актер ғана емес,ол әнші,тележүргізуші. Ең ұнаған рөлі ол елбасын сомдағаны. Оның актерлік шеберлігін тіпті елбасымыз жоғары бағалаған. Мен оларға тек қана шығармашылық табыс,зор денсаулық тілеймін.