Қазақ халқы әнге (неге? барыс септік жалғауы) бай.
Біздің әнші композиторларымыз ұрпақтан (кімнен? шығыс с) ұрпаққа(кімге?барыс с)жалғасатын,құлақтан(неден?шығыс с) кіріп бойды алатын әсем әндер силайды.
Тап бүгін бір қызық жағдай болды. Інім бала бақшадан орыс тілін үйреніп келген ғой. Есіктен кірді де пиицу хочу, - деді. Анам саған оны қайдан берем десе, ол жылап отырып алды, сөйтсек ол пить су хочу ,- деп отыр екен. Оны бізге қарындасым түсіндірді. Бәріміз інімнің сөзіне күлдік.
Менің сүйікті жыл мезгілім
Көктем - менің ең сүйікті жыл мезгілім.
Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, айналадағы тіршілік атаулының бәрі көктем келісімен қысқы ұйқыдан оянып, табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Күннің көзі жарқырай түсіп, жылы жақтан құстар қайтып, бейне бір "көктем келді!" деп айналаға жар салғандай әндете түседі. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді. Міне, осының бәрі ғажап бір көрініс емес пе?!