Әже-зат есім
ң-тәуелділік жалғауының 2 жағы.
нің-ілік септігі
үй-зат есім
і-тәуелділік жалғ 3 жақ
не-барыс септік жалгауы
ата-зат есім
м-тәуелділік жалгауы 1 жақ
ның-ілік септігі
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
Менің сүйікті әншім
Әр адамның өз талғамына сай сүйсініп тыңдайтын әншісі болады. Әр әншінің өлең айтуда өз мәнері болады, бір әннің өзін әр түрлі әншілер әр қилы айтады.
Менің сүйікті әншім - Димаш Құдайберген. Өз таланты мен еңбегінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, барша әлемге танымал. Дарынды отбасынан шығып, музыкалық білім алып, талантын одан әрі қарай шыңдай білген. Ең алдымен Қытай елінде өткен әншілер сайысына қатысып, екінші жүлделі орынға ие болып, бар әлемді өз талантымен сүсіндірді. Бұл әншіні бар қазақ елі мақтан тұтады. Жақында ғана Лондонда лық толы зал жинап, жеке концертін берді.
Мен де ер жеткенде Димаш ағама ұқсап, танымал әнші болуды армандаймын.
Кез келген заманда өмір сүрген және өмір сүріп жатқан қоғам үшін "бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Бейбітшілік күндердің қадірін білетін адамзат елдің дүрлігіп, әлемнің шаңырағының ортасына түскенін қаламайды. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Әйткенмен бәрінің де қолы бейбіт өмірге жете алмай отыр. Әр қадам басқан сайын жау шығып қалар деген қорқыныштан қолдарынан қаруларын тастамай қарумен ұйықтап, қарумен оянатын әлем елдерінің бары рас. Олардың жандары тыныш емес. Содан болар, таңдары да шуақты атпайды. Олар да өзгелердей бейбіт заманның азаматы болғанды қалайды. Халықаралық Бейбітшілік Күнінің күнтізбеде белгіленгендігінің де себебі жоқ емес. Бейбітшілікті аңсайтындар үшін Халықаралық Бейбітшілік күнінің қадірі тым үлкен.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтар бейбіт күннің ғұмырының ұзақ, тіпті мәңгілік болуы үшін күресуді бастап та кетті. Олар адамзаттың тыныш ұйқысын бұзып, баларды шат күлкісінен айыратын зұлматты оқиғалар мен үрейлі жәйттерді болғызбау үшін қолдарынан келгенді жасауға көшті. Осы бастама барысында олар бір-бірімен тәжірбие алмасып, жұмыстарына қызу кірісіп жүр.
Сіз де, біз де бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. Осы бейбіт заманның ғұмырының баянды болғанын тіледік.