На держи
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.
Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.
Төрт сөйлем құрап жаз. Мен, сыныпта, үшінші, оқимын. Менің, үлкен, отбасым. Ағам, оқиды, институтта. Атам, зейнеткерлер, мен, әж
Rozi [60]
Мен үшінші сыныпта оқимын.
Менің отбасым үлкен.
Ағам институтта оқиды.
Атам мен әжем зейнеткерлер.
Көк тұман көтерілген кезде аспан көлегейлене түсті. Кенеттен аспанды қара бұлт торлап, гуілдеген жел тұрды. Бір сәтте шелектеп құйған жаңбыр басталып кетті.
Адами: ата-ана, туыс, бала, дос, дене мүшелері, өмір, денсаулық, білім
Материалдық : ақша, дүние мүлік, үй
Табиғи: өсімдік, мұнай, күн, су, жан-жануар, таза ауа, тау, теңіз, мұхит
Рухани: туған ел, туған жер, жазба ескерткіштер, кен орындары, кітап
Мен өз туған жерімді мақтан тұтамын. Бұл жерде мен өзімді ертегідегідей сезінемін. Айнала ағаш, көгал. Есік алдында көк айдын көл. Онда сан алуан құстар, әсіресе керемет сұлу аққулар. Неткен ғажайып табиғат. Суретші өзінің қыл қаламымен мен туған жерді суреттегендей.