Көктем неткен керемет!
Көктем. Қар еріп, күн жылынды.
Балалар қуанып жүр. Әлем өзгеріп кеткендей. Төңірек ашық, тұман жоқ.
Аппақ тонын жер шешті. Жерді жапты көк кілем. Құс келіп, көріктенді көлдің шеті. Мал төлдеп, баулар гүлдеп, көктеді егіс. Басталды той - думан жазық дала. Адамдар еңбек етіп, көктемнің алғашқы айы:
Наурыздағы мерекеге дайындалып жатыр. Наурыздағы мерекелер аз емес: үшінші наурыз жазушылар күні, сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер күні, ең басты мереке жиырма екінші наурыз біздің жаңа жылымыз. Жаңа жылда әжелер наурыз көже пісіріп, бір - бірімен қол алысады. Пай - пай көктем неткен керемет!
Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған.
1. Әрбір адамда жеке тұлғаның белгісі болады.
2. Әрбір адам өз ортасына бейімделеді.
3. Қоғамда әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеуі керек.
4. Әрбір адам алдына мақсат қояды.
5. Отбасы мүшелері бір-біріне көмектеседі.
Ащы мен тұщыны татқан білер, Жақын мен алысты жортқан білер.