<span>Қазақ халқының XIX ғасырдың аяғынан күні бүгінге дейінгі тарихында ұлы ақын, ағартушы, данышпан Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының алар орны ерекше. Халкымыздың талай-талай айтулы ақындарынан Абайдың жолы-жөні бөлек, парасат-пайымы кең, өресі өте биік. Оның әрбір сөзінің кең мағынаға толы екендігі дәлелденіп болғандай. Қайсы бір өлеңін оқысаңыз да, әсем сурет, бейнелі де, кестелі мағына-көріністі көресің. Түпсіз терең түңғиықтан ақырын-ақырын шымырлап, келе-келе тұла бойыңды тұтас билеп кететін бір тылсым, құпия сиқыры тағы бар.“Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілерсің” деп атамыз қазақ айтқандай, бала Абайдың, жас Абайдың тәлім-тәрбие алып, үлгі-сөзін естіп өскен екі шешесі болған. Әңгіме-аңыздың көл-дариясы, аяулы әжесі – Зере де, екіншісі – өз туған анасы – Ұлжан. Әкесі Құнанбай өз заманының айтулы ел басқарған, аға сұлтаны болып, заманында азулы, қаталдығы мен әділдігі қатар, оңы мен солына бірдей, Аллаһтың ақ жолымен жүруді қолдап, мешіт ашқан. Қажылыққа барып, Меккеде тәкия (қонақ үй) салдырған.Абайдың өмір сүрген заманы да оңай болмаған, ескі заманның ыдырап, жаңа уақыт, жаңа дәуірдің бірте-бірте бет бұрған кезі еді. Орыс шаруаларының жер жыртуы, жаңаша оқу, сауда-саттық, алыс-жақын шет жерлермен түрлі мақсаттағы қарым-қатынас жасау дамып келе жатқан. Жаңа сипаттағы қиын бір кез туды, адам адамды түсінуден қалып бара жатты. Ел ішінде бұзық, ұры-қары, арыз көбейді. Ұлы ақынның өзі айтқандай, ел іші “алтыбақан алауыз” болатын. Абайды он жасқа келгенде әкесі Семей қаласыңдағы діни оқу орындарына, алғашқыда Ғабдулжаппар молдаға берген, кейінірек Ахмет, Риза деген молдаға тапсырған. Абай медреседе үш жыл оқиды.Ұлы ақын жас кезінде болыс та болды, ел де басқарды, есейе келе өлең жазумен, ойына келгенін ақ қағазға түсірумен айналысады. Абай бізді нәзік өлеңімен де, кесек-кесек пәлсапалық ой-пікірімен де, сұлу сазды әуендерімен де бірде қанаттандырса, бірде ойландырады. Абайдың ұлылығы мен кемеңгер данышпандығы да осы болса керек!</span>
Мен-Қазақстанның болашағы.
Менің мемлекетімнің әл-ауқаты тек адамдарға ғана байланысты екеніне шын жүректен сенемін. Ал біз, жаңа ұрпақ, біздің мүмкіндіктеріміздің барлығын жасауға тиіспіз. Менің балаларым мен немерелерімнің мені және біздің елімізді мақтан тұтуы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасайтын боламын.
Біз Қазақстанның табиғатына қаншалықты ұқыпты қараймыз, оның сыйларын жұмсаймыз. Біздің мемлекетіміз "соғыс" деген қорқынышты сөзді біле ме, әлде бейбітшілік пен келісімде өмір сүре ме? Мен мемлекетімді жаңа деңгейге көтере аламын деп сенемін. Егер әрбір адам осылай санаса, біз бірге көп нәрсеге жетеміз!
Менің Қазақстаным, менің болашағым қандай? Мен оны әдемі көремін. Мен оны осындай көргім келеді.Бірақ қазір Мен сені мақтан тұтамын, менің Қазақстаным! Менің елім бейбіт, еркін, бай, көпұлтты. Мұндай елді сүю мүмкін емес пе?Қазақстан-Кең дала, күшті жел, шексіз, күн сәулесімен қызған шөл.Жер қойнауында біз үшін қымбат металдар өндіріледі, жер бетінде нан өсіріледі.Қазақстанның табиғи ресурстар қазбаларының үлкен қоры бар. Қазақ жерінің жер қойнауында Менделеевтің бүкіл кестесі бар,ол адамдардың пайдасына қызмет етеді.Қазақстанда баламалы энергия, мысалы, жел немесе күн энергиясын өндіру үшін табиғи ресурстардың орасан зор қоры бар. Мен елімізде ақпараттық, мысалы, жоғары технологиялардың дамуын қалаймын.
Менің елімде әрбір қазақстандық мақтана алатынның бәрі бар! Бірақ мен еліміздің болашағы осы байлықтарды табысты өндіруге ғана емес, сонымен қатар еліміздің болашағы да тәуелді болады деп үміттенемін. Менің елімнің ең басты құндылығы-бұл біз: сенің еркін және тәуелсіз халқың. Біз достық пен келісімде өмір сүреміз, сондай-ақ болашаққа сеніммен қараймыз.
Улттық валютамызмыз, яғни тенгеміздін пайда болуы, онын бар болуы қазақстан республикамыздын тауелсіз республика екендігінін тағы бір далелі болып табылады. улттық тенгеміздін пайда болу тарихын білу ол ар қазақстандық азаматқа тан. себебі, тенге біздін қазіргі өміріміздін басты айналым көзіне айналды.
улттық тенгеміздін тарихы туралы, онын қалай өмірге келгені, қалай пайда болғаны туралы көптеген маліметтер бар.☺
Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. Күз мезгілінде бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Маған күз мезгілі ұнайды. Күз мезгілі келді, Жемістерін беріп түр. Жапырақтар сарғайып, Құс атауы көшіп тұр.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/4850-altyn.html
© www.ZHARAR.com