1. Ақмола
2. 1998
3. Бәйтерек
4. ҚР астанасы
5. Астананы көрдім. Маған өте ұнады. Мысалы Ханшатыр, Бәйтерек және экспо ұнады.
6. (Астананы әлі көрмегенмін)
Қаржы − қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі һәм бірегейі. Мына заманда ақшасыз, бір қадам аттап та баса алмайсың. Ақшаны табу көп адамның қолынан келеді. Дегенмен, орнымен жұмсап, тиыннан тау соғатын жандар некен-саяқ. Олай болса, бүгінгі жазбамыз "ақшаны қалай, қайда жұмсау керек?" деген сұрақтарға жауап береді. 1. Жұмсағаныңыз тапқаныңыздан аз болсын. Қаржының қорын жинағыңыз келсе, тапқан табысыңыздан жұмсаған шығыныңыз аз болсын. Бұл қағиданы ұстансаңыз, алдағы уақытта кедергілерге тап болмайсыз. 2. Қаржы мәселесін күрделендірмеңіз! Несиеңіз артқан сайын, шығыныңыздың да көп болатынын естен шығармаңыз. Жиналған қорыңызды сақтау да қиын. Ол үшін қаржы саласында ешқандай қателікке ұрынбаңыз. 3. «Болашақ меніңізге» бүгінгі күніңізді басқартпаңыз. Бүгін сатып алуға шамаңыз келмеген затты «болашақта алармын» деп, болашақтың еншісіне қалдырмаңыз. Оған себеп мынау: болашақтағы табысыңыз бүгінгі күніңізге жауап бере алмайды. Кім біледі? Келешектегі қаржыңыз басқа да шығындарға жұмсалуы мүмкін ғой. 4. Қаржыны дұрыс басқарыңыз. Үлкен пайызбен берілетін қарыздарыңыздан дереу құтылыңыз. Жаймен қаржыңызды белгілі бір қорға жинаңыз. Оған қоса, қаржыңызды өсіріп отыруды да ұмытпаңыз 5. Бюджет! Бюджет — қаржыны басқарудың ең тіимді жолы. Бірақ, табыс көзіне сенімді болыңыз. Ақылды адамдар бюджетті қалай құрады? Олар бюджетті өткен айдың шығыны негізінде құрады. Өткен шығынның есебін есептей отырып, келер шығынды да қысқарта бастайды. Артылатын ақшаны «мына жаққа» сақтау – осыдан басталады. 6. Жоспардағы шығындарыңыз өзіңізге тиімді болсын! «Ақша – су», «ақша көзге көрінбейді» деп жатамыз. Демек, ақшаны сізге керек қана заттарға жұмсаңыз. 7. Өзіңіздің табысыңызды есептеп жүріңіз! Жыл бойы тапқан табысыңыздан барлық шығындарыңызды есептеп шығарыңыз. Кейін жұмысқа қанша уақыт жұмсайтыныңызды сағатпен есептеңіз. Сосын барлық жұмыс уақытыңызды жылдық табысыңызға бөліп, сағатына қанша табатыныңызды есептеп шығыңыз 8. Алдыңызға мол мақсат қойыңыз да, жадыңыздан шығармаңыз. Мақсатқа жету үшін көп қаржы керек. Қаржыны бет алды жұмсау сіздің мақсатқа жету үшін кедергі болуы мүмкін. Сондықтан, мақсатыңызды жадыңыздан шығармай, үнемі есте ұстаңыз. 9. Көлігіңізге «тұлға» ретінде қараңыз. Үнемдеу туралы айтқанда, айыппұлдар мен жанар-жағар майды ұмытпаңыз. Жолда жүру ережелерін мұқият сақтасаңыз, айыппұлдан алыс жүресіз. Ал жылдамдығыңызды арттырған сайын жанар-жағар майға жұмсалатын ақша да көп кетеді. Сондықтан, көлік жүргізуде аса сақтықпен жүріңіз. 10. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына да мұқият болыңыз. Жылу, су, жарық сынды коммуналдық ақылардың есебін алдын-ала есептеп отырңыз. Және оларды қолдануда да сақтықпен қараңыз. Тоқ көзімен жұмыс істейтін құрылғыларды «жандырып» алмаңыз. Әйтпесе, жаңа құрылғы үшін де қаржыңыз желге ұшады. 11. Үй жөндеуде сауатты болыңыз! Үй жөндеу үшін кейбіріміз арнайы мамандар шақырамыз. Ал бұл- аса қиын шаруа емес. Сол себепті, бұндай тірліктерге икемді болыңыз. Бүгінгі таңда өз бетімен үйрену үшін бар жағдай жасалған. Қолыңыз қалт еткенде, ғаламтор желісінен жөндеу жұмыстары жөнінде арнайы видеоларды көрсеңіз, өз бетіңізбен үйреніп алатыныңызға күмәніңіз болмасын. 12. Балаларыңызды қаржы сауаттылығын өз қағидаңызбен үйретіңіз. Өз балаларыңыз сіз секілді қаржы сауаттылығымен өссе, жанұяңыздың болашақтағы қаржы мәселесі өздігімен реттеліп отырады. Осы аталған қағидаларды балаңыздың санасына сіңіріп отырғаныңыз абзал.
Толығырақ: https://massaget.kz/jigitterge/psihologiya/26231/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Адамның жақсы болуы оның қасиеттері арқылы көрінеді. Адамзат баласының қасиеттерінің жақсы брлуы оның жақсы өмір сүруіне себепші. Жақсы қасиеттер қандай болмақ десек, олар- имандылық, тəрбиелік, көркема мінезділік, жақсы істер жасауға ұмтылу, сыйластықты білуі тағыда осы сияқты қасиеттер. Менің ойымша, адамның жақсвы қасиеттерінің бірі-имандылық. Себебі иманды адама бойында барлық жақсы қасиеттер табылады. Адамның мінезінің көркем, жақсы қасиеттерінің көркем болуы өзіне де, айналасындарға да жақсы болады.
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
<span>«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. </span>
<span>Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!</span>