<span>Табиғатта түрлі ауруларға шипа болатын минералды сулар болады. Бұл суларды ішу, шомылу арқылы емге пайдалану ертеден-ақ белгілі болған. Судың шипалық қасиеті ондағы еріген заттардың мөлшеріне қарай анықталады және олар салқын, жылы, ыстық күйінде кездеседі. Минералды сулар денедегі ісіктерге қарсы, жүйке жүйесін нығайту, қан тамырын кеңейту, өт пен ішті тазалау, тамақтың қалқанша безінің, өкпе-бауырдың қызметін жақсарту және т.б. көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады. Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам минералды су көзі анықталып, көпшілігі ел игілігіне жаратылуда. Мысалы: "Алмаарасан", "Қапаларасан", "Сарыағаш", "Мерке" т.б. Соның біріне ғана тоқталайық.</span><span>"Алмаарасан" минералды суы. "Алмаарасан" – жер асты ыстық суы. Алматы облысы Қарасай ауданында (Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 26 шақырым жерде) орналасқан. Құрамында кремний көп, яғни, емдік қасиеті бар суларға жатады. Судың өзіне тән иісі бар. 1951-53 жылдары бұрғыланған 5 ұңғымадан су өздігінен атқылап шыққан. Судың температурасы Цельсий шкаласы бойынша +33-38 градус. Алмаарасан минералды суы негізінде 1932 жылдан бері "Алмаарасан" шипажайы жұмыс істеуде. Онда аяқ-қол, буын, тері және асқазан ауруларын емдейді.</span>Артезиан сулары <span>Жер астынан артезиан суын пайдалану үшін құдық қазылады немесе бұрғыланған ұңғымалар жасалады. Қазақстанда артезиан құдығы ХІХ ғасырдан бастап қазылды. Артезиан құдығының қабырғасы берік болса шегенделмейді. Ал қабырғалары қиыршық тас, құм тас, малта тас немесе борпылдақ, сусымалы болса таспен, ағашпен шегенделеді. Қазіргі кезде арнаулы қондырғылармен жүздеген метр тереңдікке дейін бұрғыланып, темір немесе құйматас құбырлар орнатылу жұмыстары қолға алынған.</span>