Математика сабағынан цилиндир пішінін салдық.
Айзада далада ойнап жүр. мен үйге келе жатырмын.айым кітап оқып жатыр.
балалар ұйықтап жатыр. мен анама көмек жасадым
Мен спортпен шұғылданғанды жаксы көремін . Спорт түрлері өте көп . Мысалы : тейквандо , жеңіл атлетика , волейбол , баскетбол , футбол , курес т.б. Мен бұлардың ішінен ең жақсы көретінім : волейбол . Мен волейболмен айналысканыма көп болған жоқ , бырақ маған волейбол қатты ұнайды.
Орманға балтасымен келді Мұжық, Аралап ағаш таңдап жүрді кезіп. «Апырмай, аман қалсақ жарар ед», - деп, Жанынан көрген Ағаш тұрды безіп. Мұжыққа бір жас Ағаш айтады сөз: «Құдайдан тілеуші едім келтір деп кез. Мың да бір алғыс саған берер едім, Осы үлкен Ағаштардан құтқарсаң тез. Тынышыма бұлар мені өсірмейді, Тасалап, күннің көзін түсірмейді. Осылар тұрғаннан соң, жер тар болып, Еркінше тамырларым көсілмейді. Менде жоқ бұларға айтар амал енді, Деп тұрмын: «Құтқарушым жаңа келді!» Қоршалап, жан- жағымнан қамап алып, Аслан жібермейді самал желді. Болған соң шамам келмес, өштеспедім, Қиратып, әлім жетсе, кеспес пе едім? Жайқалып жапырағым әлдеқашан, Көркі боп осы араның өспес пе едім?! Бұлайша өтер ме еді өмір текке, Зор пайдам тимес пе еді төңірекке? Көлеңкем кең даланың көбін жауып, Таласып тұрмас па еді төбем көкке?!» Ағаштың сөзін Мұжық қабыл алды, Қиратып, бәріне де ойран салды. Кесіліп Ағаш біткен жан- жағында, Сорайып манағы Ағаш жалғыз қалды. Қираған ағаштарға қарап тұрып, Қуанды мұқатқандай жауын қырып. Біреудің бағы бастан көшерінде, Қас болар жақынымен, Құдай ұрып. Айрылып жан-жағында панасынан, Қорқады өтсе дағы құйын жүріп. Ұрынып жаз ыстыққа, қыс суыққа, Біресе бұршақ соғып, болды құрып! Ол қанша пайда тапты жалғыз тұрып, Өзгенің әлек етіп бәрін қырып? Ағашта қурап тұрған әл болсын ба, Кетіп ед дауыл соғып, қалды сынып. Сонда оған сынып жатқан Жылан келді: «Өзіңе бөле тілеп алдың, - деді. - Қорғаушы жаныңдағы ағаштардың Кінәсіз бәріне ылаң салдың, - деді. - Панаңды күннен, желден қорғап тұрған Қырғызып, өзің жалғыз қалдың, - деді. - Алланың арам пейіл сүймес құлы, Отыңа өзің жаққан жандың», - деді. Жігіттер, жақыныңмен болмаңдар қас, Қас болған жақынымен ақырда оңбас. Ағайын бірі - пана, бірі - қару, Кісіге жеке-саяқ бақыт қонбас. Кей ақымақ әлек етер жақындарын, Аямай жұмсап күш пен ақылдарын. Жау түгіл, иттен бойын қорғай алмай, Қаптырар ақырында тақымдарын.
Азақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шанырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында "Қазақстан " деген жазу бар.
Жасалу әдісі мен жасалатын материалы, этетикалық әсері жөнінен елтаңба мен ту арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Егер туда дүниеге көзқарастың жазық кеңістікке байланысты бөлігі көрініс табатын болса, елтаңба табиғаты, әдетте, көлемге қатысты түсініктерге, сол сияқты сәулеттік (архитектуралық) композиция мен пішімғе (формаға) қатысты ұғымдарға сәйкес айқындалады.
Елтаңба - бүкіл әлем мойындаған мемлекеттіліктің ерекше маңызды нышаны. «Герб» (елтаңба) термині неміс сөзінен аударғанда «Мұра» немесе «енші» мағынасын береді және мемлекетті айрықшалайтын белгі болып табылады. Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі сақ тайпасының өздерін ерекше айрықшаландыратын «Тамға» атанған тотем белгісінің болғандығын тарих та дәлелдейді. Аталған термин Түрік қағанаты кезінде қолданыла бастаған.Мемлекеттік елтаңба бейнесінің тағы да бір бөлігі бар, ол - бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыз - өмірге жетекшілік ететін, көтеріңкілікке, талпыну мен мәңгіліктің, биліктің нышаны ретінде бейнеленген. Жұлдыз тек Ресейдің ғана мемлекеттік геральдикасына тән нышан болып табылмайды, оны Ресейдің революциялық нышанына алғаш рет орыс дворяндары енгізді және ол Ресейдің мемлекеттік елтаңбасында бірден пайда болған жоқ. Бұл бейнені аударылған және ассимметриялы түрде қолдануға болмайды. Бесбұрышты жұлдыз ақиқат әлемдегі - «Таң жұлдызын» бейнелейді. Мемлекеттік елтаңбадағы жұлдыз бейнесі барлық қазақстандықтардың қазіргі жаңа жоғары өркениеттілік және дамыған мемлекеттермен қоғамдастыққа бірігудің ардақты арманын, сонымен бірге барлық ғаламшардағы құрлықтардың барша халқына ашық екендігін бейнелейді.
Мемлекеттік елтаңба бейнесіндегі қолданылған басты түс - алтын түсті болып табылады, ол байлықтың, әділеттіліктің және қайырымдылықтың символы екенін көрсетеді.
Мемлекеттік елтаңбада, сонымен қатар, байрақтың түсі - аспан түстес көгілдір болып келеді, ол алтын түспен сәтті үйлескен.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков және Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.
<span>Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков - Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі. 1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Екпінді ауылында туған. Ташкент политехникалық инстутының сәулет факультетін бітірген. Жобалардың Бас сәулетшісі, Өзбек өнеркәсіптік ғылыми-зерттеу институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі.</span>
Махмұд Қашқаридың атақты «Түрік тілінің сөздігі» еңбегінде бұл термин әміршіні ерекшелендіретін белгі ретінде түсіндіріледі.